Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

ҚР заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша түзетулер Мәжіліске 2017 жылы енгізіледі

Министрлік 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Парламентінің Мәжілісіне «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты.

«Министрлік «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде. Тұжырымдаманы біз жалпыға ортақ талқылауға қойдық, сәйкесінше, заң жобасы барлық қажетті рәсімдерден өтеді. Оң пікірлер де және сол сияқты сыни пікірлер де ескерілетін болады. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, азаматтық қоғамның өкілдерінен және сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құрып жатырмыз»,- деді Д. Абаев.

Ведомство басшысы сөз барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевқа 2016 жылғы қараша – желтоқсанда заң жобасын халықпен кеңінен талқылауды, ал қарашаның соңына дейін жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, мәтінін аяқтауды тапсырды.

«2017 жылғы наурызға дейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген құжатты - ҚР Үкіметіне, ал 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізу қажет»,  - деп тапсырды министр.

«Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік ақпараттық саясаттың жаңа тәсілдерін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Контент қалыптастырудың екі негізгі параметрін қамтитын Ақпараттық жұмыс стратегиясы әзірленген: қазақстандық қоғамның рухани бірігуін нығайтуға және отбасы табынушылығын, білімді, патриоттылықты және «Мәңгілік ел» патриоттық актінде айтылатын өзге де құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған «Құндылықтар картасы»; азаматтарды салалық бағдарламалар туралы ақпараттандыруға және ең алдымен Ұлт жоспарын түсіндіруге бағытталған «Мемлекеттік PR – стратегия», - деді Д. Абаев.

Министр 2017 жылдан бастап Бірыңғай республикалық және 2016 жылдан бастап өңірлік медиа-жоспарларға көшу жоспарланғанын хабарлады. Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда ақпараттық өріс 58 медиа-жоспар бойынша жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
284

Осы тақырып бойынша