«ЖҚЖК-2020» аясында мемлекеттік қолдауға 744 мың адам ие болды
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі 744 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болды, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президенті Жолдауы төңірегінде Жұмыспен қамту картасы бойынша жүргізіліп жатқан шараларға арналған дөңгелек үстел барысында.
«Бүгінгі бағдарлама халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ және ТМД елдерінің есебімен әзірленді. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері, 2011 жылдан бастап жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарып келеді. 2011-2013 жылдары жұмыспен қамтылғандар саны 6,3 пайызға өсіп, 17 пайызды құрады", - деді ол.
Оның айтуынша, елдегі жұмыссыздардың қатары 9 пайызға төмендеді, бұл көптеген адамдардың ашық жұмыс орнына шақырылғанын көрсетеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі 744 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болды.
Т.Дүйсенова айтықандай, «ЖҚЖК-2020» үш бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – жұмыссыз бен өзін-өзі қамтығандарды тарту. Екіншісі – ауылдық инфрақұрылымды қолдау есебінде ескірген нысандар қалпына келтірілуде.
«Келесі жылдан бастап жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында, біз Білім және ғылым министрлігі, ҰКП-мен бірігіп жастарды бұқаралық түрде компьютерлік сауаттылық пен бизнес негізіне үйретуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Ведомство хабарлағандай, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектерін жұмыс мамандықтарына үйрету жобасы басталады.
Айта кетейік, биыл әлеуметтік орында жұмысты аяқтағандардың 80 пайызы мен тәжірибені өткендердің 60 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
