Мазмұнға өту

Жаңа

А. Цой: Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС енгізу мерзімін ауыстыруды жоспарламайды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді 2020 жылға дейін де созуға болады, бірақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қазір сақтандыру қажеттілігі пайда болды. МӘМС-ті неғұрлым ерте іске қоссақ, жүйенің өзіндегі құрылымдық өзгерістерді де соғұрлым жылдам іске асыра аламыз, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жүріп жатыр, ол, бірінші кезекте, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын орнатуға және бәсекелестікті күшейту арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға арналған. Медициналық сақтандырудың енгізілуімен қоғамда әрқайсысының өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі ретінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа жүйесі пайда болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі МӘМС енгізудің тұжырымдамалық тәсілдерін әзірледі. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде 3 негізгі жүйелік проблема орын алады: азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулығын сақтауға деген ортақ жауапкершілігінің болмауы, жүйенің қаржылық тұрақсыздығы мен медициналық ұйымдардың төмен тиімділігі және қаражаттың ашық бөлінбеуі.

Дегенмен, қоғамда осы жүйеге қатысты туындап отырған даулы сұрақтар мен сын аз емес. Депутаттар мемлекеттің 2018 жылғы қаңтарға дейін МӘМС енгізілуіне дайындалып үлгеретініне күмәнданды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев оны енгізу мерзімін 2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қаңтарға дейін ауыстыруды ұсынды.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой енгізу мерзімін 2020 жылға дейін де созуға болады, бірақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде дәл қазір әлеуметтік сақтандыруда үлкен  қажеттілік пайда болғанын мәлімдеді.

«Біз денсаулық сақтау саласына көп шығынданамыз, яғни біз дәрі-дәрмектерге, қандай да бір жеке консультацияларға өз қалтамыздан ақша төлейміз және бұл сома 37%-ға дейін жетті, ал ұсынылатын бастапқы деңгейі 20%-ға дейін жетуі тиіс. Егер 20%-дан асса – бұл жүйенің тұрақсыз екенін білдіреді. Денсаулық сақтау жүйесінің идеологиясын өзгерту біз үшін өте маңызды. Неғұрлым ерте бастасақ, осы құрылымдық өзгерістерді соғұрлым жылдам іске асыра аламыз», - деді вице-министр «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы барысында.

А. Цой атап өткендей, 2018 жылдан бастап МӘМС-тің енгізілуімен, бірінші кезекте, амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету көлемі кеңейеді. Бүгінгі күні ол азаматтар дәрі-дәрмектерді тегін алатын 49 нозология.

«Жүйенің өзі бұрыннан бері әзірленіп жатыр, ол бойынша жетекші халықаралық ұйымдардан шақырылған сарапшылары жұмыс істеген болатын», - деп атап өтті ол.

Одан басқа, вице-министр қазіргі уақытта Қазақстанда учаскедегі бір дәрігерге орта есеппен 2200 адамнан келетінін айтты. МӘМС-тің енгізілуі жалпы практика дәрігерлеріне түсетін жүктемені кезең-кезеңмен азайтуды, медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуды көздейді.

Өз кезегінде, ҚР ДСӘДМ Астана қаласының Медициналық қызметтерге ақы төлеу департаменті басшысының орынбасары Ләззат Шоманова МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделгенін атап өтті. Осы ретте мемлекет –экономикалық белсенді емес халық үшін, жұмыс берушілер – жалдамалы қызметкерлер үшін, ал салық органдарында тіркелген жұмысшылар мен өз бетінше жұмыс істейтін азаматтар өздері үшін  жарналарды жүзеге асыратын болады. Осылайша, қаржы қаражатын тиімді бөлу қағидаты жұмыс істейтін болады.

«МӘМС жүйесіндегі азаматтар жүйе бойынша жедел медициналық жәрдем, санитариялық авиация қызметтері, шұғыл жәрдем және профилактикалық егу сияқты медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемін ала алады», - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуы бойынша, МӘМС жүйесінде төрт қатысушы болады. Ол мемлекет, жұмыс беруші, жұмыскерлердің өздері және өз бетінше жұмыс істейтін азаматтар. Мемлекет 60%-дан жоғары көлемде жарналарды қамтамасыз етеді, жұмыс берушілер 2017 жылдан бастап жалақыдан пайыздарды аударуы тиіс болады.

«Жалақыдан пайыздық жарналарды 2024 жылға дейін біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр.

Басқаша айтқанда, МӘМС енгізілуі денсаулық сақтау саласының шығыстарын 2017 жылы - 28%-ға, 2018 жылы - 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға дейін өтеуге мүмкіндік береді.

«Әлем бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің қазіргі жай-күйінің біздің мемлекетімізге қойып отырған сын-тегеуріндері бізді азаматтарымызға жоғары технологиялық қызметтер көрсетуге міндеттейді. Біз денсаулық сақтау жүйесін ресурстармен толтыруымыз қажет.», - деді Л. Шоманова.

МӘМС-ке қатысушылар аударатын барлық қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинақталатынын атап өту қажет. Қорға қатысушылардың жеке табыстары мен қордағы жинақтау көлемдеріне қарамастан, олардың көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі бірдей болады.  Азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдары қорға қызметтерді көрсету сапасы мен толықтығына қатысты шағымдарын жібере алады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
657

Д. Ақышев: Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 31,4 млрд долларды құрайды

Теңгенің өзгермелі бағамы елдің алтын-валюта қорын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оларды қалпына келтіру процесін бастауға да мүмкіндік берді. Қыркүйек ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,9%-ға өсіп, 31,4 млрд долларды құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Сондай-ақ, ол қыркүйек айының қорытындылары бойынша Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 млрд долларды құрағанын айтты. Оның айтуы бойынша, еліміздің халықаралық қоры 2016 жылғы қыркүйек айының соңында 95,8 млрд долларды құраған.

«Қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң болжамдардың қалыптасуы қазан айының басында базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және тұрақтылықтың расталуына қарай, базалық мөлшерлеменің одан әрі де төмендетілуі мүмкін», - деп қосты Д. Ақышев.

ШҚО ақпараттық орталығында Қазақстанның Ұлттық Банкінің басшысы Өскеменге сапармен келгенін хабарлады. Ол «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысып, ҚР ҰБ Шығыс Қазақстан филиалында болды.

Д. Әкішев Ақша дайындаудың толық өндірістік циклымен жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын ретінде Қазақстандық теңге сарайының бірегейлігін атап өтті.

«Металл өңдеу және заманауи монеталық және қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптастырылды. Оған қоса, ұжымның ұйымшылдығы, кәсіптік дәстүрлердің сабақтастығы сақталуда және баға жетпес тәжірибені жұмыскерлердің келесі буынына жеткізу мақсатында кадрлар даярлау жүйесі реттелді», – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуы бойынша, өнім сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі Қазақстандық теңге сарайын экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық және бәсекелі кәсіпорын ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. «Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларының тапсырыстары бойынша қымбат бағалы металдардан ұлттық валюта ақшалары да дайындалады», - деп хабарлады Д. Әкішев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
294

Словакия Қазақстанды сенімді әріптес ретінде санайды

Словакия Қазақстанды негізгі әріптес ретінде санайды және сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге дайын, деді Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчак Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімовпен Братиславадағы кездесу барысында.

ҚР СІМ хабарлағандай, келіссөздердің мақсаты екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-ізгілікті қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағын талқылау, сондай-ақ 2016 жылғы қарашаның басында Словакияның СІМ басшысының Астанаға ресми сапарына дайындық мәселелері болды.

Қазақстандық дипломат министрді Братиславаның Еуропалық Одақ Кеңесінде сәтті төрағалық етуімен құттықтап, ел үкіметінің ЭКСПО-17 халықаралық көрмесіне қатысу туралы шешімі үшін және Словакия Парламентінің ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді ратификациялағаны үшін алғыс білдірді.

С.  Әбдікәрімов Словакияның СІМ басшысы – ЕО төрағасының алдағы сапары екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға серпін беріп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

М.  Лайчак Братислава Астананы өңірдегі негізгі әріптес ретінде санайтынын және біздің елмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін, сондай-ақ Астанаға сапары барысында нақты экономикалық жобаларды анықтау және іске асыру мақсатында қазақстандық әріптестермен жаңа байланыс орнатуға ниетті бизнес-делегацияның да келетінін атап өті.

Одан басқа, СІМ хабарлауы бойынша, елші Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысымен, Словакия Парламентінің «Словакия - Қазақстан» парламентаралық достық тобының басшылығымен және мүшелерімен кездесті, кездесу барысында сауда-экономикалық мәселелер, осы елдің Астанадағы ЭКСПО-17 көрмесіне қатысуға дайындығы және екіжақты парламенттік дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
352

Д. Абаев: Ұлттық бренд байқауына жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды

«Қазақстан Республикасының ұлттық брендін» анықтау бойынша республикалық байқауға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды, барлық шығыстарды «Қазконтент» акционерлік қоғамы өтейді, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

«Шығыстардың жалпы сомасы 8 миллион теңгеден аспайды. Оның ішінде 5 миллион теңге – бірінші орын үшін сыйлық. Финалға қатысқандар 200 мың теңгеден алады. Ұйымдастырушылық жұмыстарға қаражат көп жұмсалмайды. Барлық шығыстарды байқауды ұйымдастырушы ретінде «Қазконтент» АҚ өтейді», - деп мәлімдеді министр.

Қазіргі уақытта байқаудың 1-кезеңі – интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі басталды. Барлық келіп түскен жұмыстар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған, мұнда ниет білдірген әрбір азамат SMS-хабарлама жіберу арқылы ұнаған жұмысына дауыс бере алады. Интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі күнтізбелік 15 күн ішінде өтеді.

Еске сала кетейік, байқау ағымдағы жылғы 31 тамызда басталған еді. Оған азаматтығын қоса алғанда, қандай да бір шектеулерсіз барлық ниет білдіргендер қатысты. Байқауға өтінімдерді жинау ағымдағы жылғы 15 қазанда өткен. Осы уақыт ішінде 965 өтінімге қол қойылған.

«Логотип пен ұранда елдің философиясы, біздің көзқарасымыз бен құндылықтарымыз  негізделеді. Қолдану форматы еркін болса да, ұлттық бренд мемлекеттік бейнелеменің бөлігі болып табылады, болашақта бұл мәселе шешімін табары анық. Бренд сәйкесінше шетелдегі ресми және бейресми шараларды қолданылатын болады», - деді Р.Василенко.

Министрдің орынбасары айтып өткендей, логотип пен брендті әзірлеу ауқымды жүйелік жұмыстың алғашқы кезеңі болып табылады. Нақтыланған комиссиямен расталған жұмыс жоспарына сәйкес, келесі жылдан бастап ҚР СІМ коммуникациялық стратегияны шетелде насихаттау бойынша ашық халықаралық байқау жариялауды жоспарлап отыр.

«Бұл кезеңде біз жаһандық дәрежеде ақпараттық кампаниялардың тәжірибесіне ие беделді тәжірибелі ұйымды тартуымыз керек. Біз өз ісінің мамандарын табуға тырысамыз, олар бізге тапсырманы тиімді, ұтымды әрі сапалы орындауға септігін тигізеді. Брендті үгіттейтін аймақ пен аудиторияны дұрыс таңдау керек. Біз алдымен шетелдік азаматтарды, оның ішінде инвесторлар мен туристерді тарту үшін жұмыс істейтін боламыз», - деді Р.Василенко.

Айта кетейік, 2016 жылдың басынан бері СІМ  ұлттық және өңірлік брендтерді ҚР мен шетелде насихаттайтын  үкімет жанынан арнайы құрылған комиссия органы болып есептеледі. Комиссияның мақсаты Қазақстанның имиджін халықаралық аренада ілгерілету үшін бар күш-жігерін шоғырландыру болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
479

Қазақстан Қалалардың тұрғын үй және тұрақты дамуы жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясына қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2016 жылғы 17-20 қазан аралығында Кито қаласында (Эквадор) «Хабитат – ІІІ» Қалалардың тұрғын үй және тұрақты дамуы жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші дүниежүзілік конференциясы болып өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ тұрғын үй шаруашылығы және қалалардың дамуы жөніндегі саммиттері жиырма жылда бір рет өткізіледі. Бірінші «Хабитат» конференциясы Канаданың Ванкувер қаласында 1976 жылғы маусымда өтті. Екінші «Хабитат – ІІ» конференциясы Ыстамбұлда 1996 жылғы маусымда өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация басшысы өз сөзінде елдегі қалалық агломерацияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үкіметтің жұмысы туралы хабардар етті. Қазақстан үкіметі тұрғын үй және қалалық тұрақты дамутұрғысында, урбанизация және қалалық шаруашылықты басқару, қолжетімді баспана, денсаулық және білім беру қызметтерін жетілдіру арқылы ауылдық-қалалық көші-қон, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бойынша дәйекті саясатты жүргізіп отырғаны атап айтылды.

Оған қоса, Конференция қатысушылары Азияда алғаш рет Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы және ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізінде халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру жайлы хабардар етілді. АХҚО әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, экономиканыәртараптандыруға, тұрақты өсуге және толыққанды қаржы жүйесін құруға бағытталған құрылымдық реформалардың негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.

Қазақстан делегациясы пленарлық отырыспен қатар Конференция аясында өткізілген әртүрлі іс-шараларға белсене қатысты. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің «Госградкадастр» РМК Бас директоры Т.Мұсабаев ТМД қалаларының тұрақты дамуын ілгерілету бойынша іс-шарада негізгі спикер ретінде баяндама жасап, қатысушыларды сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметіжәне тұрғын-үй-коммуналдықсаладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы хабардар етті.

Делегаттардың негізгі назары елді мекендердің тұрақты дамуы мәселелері, оның ішіндеелді мекендердің демографиялық проблемалары, қалалық жоспарлау, қоршаған орта және урбанизация, аймақтарды дамытуды басқару саласындағы заңнама, қалалық экономика және басқа мәселелерге аударылды. Осы мәселелердіңбарлығы мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті әзірлеген тұрғын үй және тұрақты қалалықдаму жөніндегі Хабитат III бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасында көрініс тапқан.

Қазіргі Хабитат конференциясы 2015 жылғы қыркүйек айында «2030 жылға дейінгі күн тәртібін және тұрақты даму мақсаттарын» қабылдаған БҰҰ-ның ғаламдық саммитіненкейін алғаш рет өткізіледі. Конференция тұрақты даму үшін қозғаушы күш ретінде өз рөлін арттыру және, тиісінше, жаңа жаһандық даму мақсаттарын іске асыруға ықпал ету және климаттың өзгеруіне қарсы күреске жағдай жасау мақсатында үлкен, шағын қалалар мен жекелеген аймақтарды жоспарлау және басқару туралы маңызды мәселелерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді.

«Хабитат – IІI»Конференциясының ресми қорытындылары бойынша әлемдегі қала халқының тұрақты өсім үлесі бар қалаларды дамытуға бағытталған, келісілген құжат қабылданады (New Urban Agenda қалалық дамудың жаңа күн тәртібі).

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
556

Министр халықты ақымақ көре ме?

Mинистр халықты ақымақ көре ме?

Министр мырза  «біз барлық полицияны жұмыстан босатуға дайынбыз» деді.  Бұл ІІМ-нің барлық қызметкері жемқор дегені ме? Олай болса, жемқорлардың басшысы өзі болып шықпай ма? Онымен қоймай « Германиядағыдай ақша төлесе, бізде дәл солай жұмыс жасар едік» дейді. Жарайды, қатардағы қызметкерлерінің айлығы аз, тұрмысы нашар болсын, ал генералдарының жемқорлықпен ұсталуларын қалай түсіндірер екен, министр мырза?  «Балық басынан шіриді», қатардағы қызметкер өз отделінің басшысына, ол аудандық полиция бөлімінің басшысына, сөйтіп сатылап көтеріле береді. Бұл жағдай халыққа бес ене ден белгілі. Уланған сана-сезім дерттен арылып келе жатыр. Жемқорлық тек қана ІІМ-гін емес, бүкіл билікті жайлап алған ҚҰРТ,ВИРУС! Сондықтан жемқорлықтан құтылудың бір-ақ жолы бар, оны халық жақсы біледі. Халық әлі де шыдауда, мырзалар!  «Шыдамның да шегі бар» соны ойланыңдар. Ашынған халық не істемейді, Сирия, Украина мен бізді қорқытпаңдар!!  «Қорқа қорқа қоянда батыр болады».  Ал, біз батыр елдің ұрпағымыз!  «Келер кезек, терме тезек»!

 
0
0
486

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі, деді Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының күндерін» өткізуге арналған брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Баспасөз конференциясы барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың 100-ден аса ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары қатысатындығын жеткізді.

«Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі. Оның ішінде 90 тоннаға жуық түрлі ет өнімдері, 10 тонна шұжық, 24 тонна сүт өнімдері, 450 тонна картоп пен көкөніс және тағы басқалар», - деді ОКҚ брифингінде Айдарбек Сапаров.

Бұдан бөлек, Айдарбек Сапаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 13 есе артып, 837 миллиард теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 289,6 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов  облыстық ассамблеяның жұмысына тоқталды.

«Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы күндері» аясында облыс тарапынан үлкен бағдарлама әзірленген.

22-23 қазан күні «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығының  жанындағы алаңда «Өңір берекесі» атты ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі.

22 қазан Тәуелсіздік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен – Елорда төріне» атты гала-концерті өтеді.

Өңір күндері «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» акциясы шеңберінде ұйымдастырылуда. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Осыған дейін Елордада 12 облыстың  күндері өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
485

Қазақстанның бастамалары: Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сарапшылардың назарында

Астанада «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» атты халықаралық саясаттанушылар конгресі өтті. Конгрестің жұмысына Ресейдің, Қытайдың ғалымдары мен сарапшылары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҮЕҰ, жетекші отандық саясаттанушылар, ғылыми-талдау орталықтарының мамандары, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларын талқылады. Сарапшылар елдердің көшбасшыларын тұрақтылық пен қауіпсіздікке шақыратын құжат – Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне ерекше көңіл бөлді. Strategy2050.kz АА белгілі сарапшылардың пікірлерін жариялайды.

ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев:

- Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бұл Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифестің  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. Бұл әлемдік қоғамның Н. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойындауын білдіреді. Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифесте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен – соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты және саясаттану ғылымдарының докторы Ахан Бижанов:

- Соғыс «жеңімпаздардың салтанаты болудан алыстағандықтан» Елбасы әлемдік қауымдастыққа ғылыми нақтыланған түрде адамзатқа аталмыш қауіптен құтылу  жолдарын ұсынды. Құжаттың басты тезисі: соғыс жеңімпаздардың салтанаты емес. Бүгін соғыс – дау мен келіспеушілікті шешудің жолы емес. Бұл тығырыққа әкелетін жағдай, онда жеңімпаз да, жеңілгендер де жоқ. Манифестің басты өзегі барлық елдерге жауапкершілікті сезіне отырып даулы мәселені бейбіт және келісушілік арқылы жүзеге асыру болып табылады. Президент барлық мемлекет өкілдерінің қатысуымен диалог құруға шақырады. Диалог саясатының негізінде үздік гуманистік идеяларды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың тағдыры  жатыр.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова:

- Әлемдегі жағдай өте күрделі: бір дау бәсеңдей түссе, екіншісі өршіп жатады. Бұл даулар мен лаңкестіктің, көші-қон дағдарысының ішінде  «Әлем. XXI ғасыр» манифесі үміт отын жаққандай.

Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн:

- «Қазақстан аумағы жағынан – үлкен ел, ал халық саны жағынан – кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады. «Әлем. XXI ғасыр» манифесі  - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті үрдістерді айтып өтті. «Әлем. XXI ғасыр» манифесі барша адамзаттың тағдырына қатысты құжат. ҚР-ның  2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының  Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы  елдің мәртебесін  көрсетеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеяның ресми құжаты мәртебесіне ие болды

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
2393

Б.Майлыбаев: «Әлем.XXI ғасыр» манифесі – Қазақстанның әлемнің барлық халқына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты бірлескен әрекеттер алгоритмі, деді ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында.

«Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. Бұл әлемдік қоғамның Н. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойындауын білдіреді», - деді Б. Майлыбаев.

Сарапшы атап өткендей, Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – жалпыға ортақ диалог пен өзара түсіністіктің жол картасы.

«Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен – соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым салу», - деп қосты Б. Майлыбаев.

Сондай-ақ, саясаттанушы әлемдік елдердің әскери бюджеттері өсіп келе жатқанын және жүздеген миллиард доллармен есептелетінін, «дүниежүзілік даудың туындау ықтималдығы өсіп келе жатқанын» атап өтті.

Осыған байланысты, сарапшының айтуы бойынша, Ел Президенті дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді шешуге барынша күш салуға шақырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
580