Мазмұнға өту

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында онлайн кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша онлайн режимде семинар өткізілді.

Іс-шараға БҚО білім басқармасы аппаратының қызметкерлері мен басшылары, бағынысты мекемелердің басшылары және аудандық білім беру бөлімі қызметкерлері қатынасты.

Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарған арналған Стратегиясының орындалуы және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, мектеп, колледж директорлары, Орал қаласы мен аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті

0
0
341

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайын талқылады

2016 жылдың 19 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың Батыс Қазақстан облысына қызметтік сапары өтті. Сапар барысында ол Агенттіктің аймақтық департаменттерінің ұжымымен кездесті. А.Шпекбаев өз сөзінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының алдында тұрған басым міндеттерін және қызметтегі жаңа тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің өз-өздерін жетілдіруді, бастама білдіруді, кәсіби деңгейін көтеру және халықтың игілігі үшін қызмет қылуды ұсынды. Содан, «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында облыс активі, азаматтық қоғам институттарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақыры…

0
0
321

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосады – сарапшы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында экономиканы дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосу үшін зор ресурс табады, деді «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында. «Осы жылы Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасы бойынша өмір сүріп келе жатқанымызға тағы 3 жыл толып отыр. Бұл ел тарихының болашағы бар, жаңа беттері. Біз еліміздің өте күшті әрі ашық әлеуеті туралы айтып отырмыз», - деп мәлімдеді С. Рахымбекова. Оның айтуы бойынша, еліміз ұсынып отырған сынақтан өткізілген «жасыл» технологиялар ауылдағы өмір сүру сапасына тікелей әсер етуі мүмкін. «Біздің технологияларымыз жылу, жарық…

0
0
433

Қазақстан мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ келісімін бақылаушы мәртебесіне иеленді

ДСҰ мемлекеттік сатып алу Комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының ресми өтінімі мұндай мәртебе алуға мақұлданды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Отырыс (Швейцария) Женева қаласында өтуде. ДСҰ комитетінің отырысында Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев сөз сөйледі. Елімізді Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директрі Сәбит Ахметов, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері ұсынады. ДСҰ-ның келісімі бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан бақылаушы мәртебесін алу Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезіндегі міндеттемелердін бірі болып табылады, - деп түсіндірді Руслан Бекетаев. Қа…

0
0
739

Қазақстанның тау-кен саласындағы даму перспективасы Рио-де-Жанейродағы XXIV Дүниежүзілік тау-кен конгресінде таныстырылды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов бастап келген Қазақстанның ірі тау-кен компанияларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу институттарының, «Iteca» көрме компаниясының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXIV Дүниежүзілік тау-кен конгресінің жұмысына қатысуда. Іс-шараға 34 елдің 2000 астам өкілдері, оның ішінде үкімет мүшелері, ғылыми қайраткерлер, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлері, тау-кен кәсіпорындарының басшылары, Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері бар, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі. Тау-кеншілер съезінің бағдарламасы халықаралық ұйымдастырушы комитеті отырысының, конгресс пленарлық отырысының, тау-кен саласындағы со…

0
0
630

Мемлекеттік қызметтегі конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе қысқарған – Шаимова

Мемлекеттік қызметте ауыстыру арқылы конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе қысқарған, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «100 нақты қадам» ұлт жоспарының Мемлекеттік аппаратты жаңарту атты І бағытын іске асыру туралы баспасөз конференциясы барысында. Брифинг барысында Айгүл Шаимова хабарлағандай, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының мемлекеттік қызметті жаңартуға қатысты 15 қадамының 11-і орындалған. «Ағымдағы жылдан бастап Қазақстанда меритократия және ашық конкурстық іріктеу қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі жұмыс істей бастады. Бұл ауыстыру арқылы конкурстан тыс тағайындауларды 25 есе (5300-ден 226-ға дейін) қысқартуға мүмкіндік берді. Ен…

0
0
828

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Кіріспе (2)

Малдунның ізбасары Эльфрида Клагг ханым басқа сиқырлы жаратылыстармен жақынырақ байланыстар орнату үмітімен «жаратылыс» ұғымына жаңа анықтама берген. «Жаратылыс» деп ендігәрі адам тілінде сөйлей алатындарды атаймыз», - депті ол. Кеңес мүшелерімен тілдесе алатындардың барлығы келесі жиналысқа шақырылды. Және тағы да қателік кетті. Гоблиндерден бір-екі қарапайым сөйлем үйреніп алған тролльдар қайта келіп, алдындағыдай залды қирата бастады. Бейпілдектер ауыздары жеткен тобықты тістемек болып, орындықтардың астында жортып жүрді. Сонымен қатар аруақтардың үлкен тобы келіп (Малдунның кезінде оларды аяқпен жүрмей, ұшып жүреді деп кіргізбей қойған), «Кеңес тек тірілерді ғана ойлап, өлілердің мұқтаждығын елемейді» деген сөздерімен жұртты жиіркендіріп кетті. Малдунның кезінде «хайуандарға» жатқызыл…

3
0
690

Қазақстан мен Мажарстан фармацевтикалық зауыт өндірісін кеңейту туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Мажарстан 5 млн долларға Қарағандыда түпнұсқалық дәрілік препараттар шығару жөніндегі фармацевтикалық зауыт өндірісін кеңейту бойынша меморандум жасасты, деп хабарлады «Фитохимия» холдингі басқармасының төрағасы Серғазы Адекенов қазақстан-мажарстан бизнес форумы шеңберінде. «Kaznex Invest» АҚ, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ және «PannonPharma LTD» мажарстан компаниясы қазақстан-мажарстан бизнес форумы аясында Қарағанды қаласында өсімдік заттары негізінде түпнұсқалық дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастыру және кеңейту туралы меморандумға қол қойды. «Біз бүгінгі таңда дәрілік нысанның 2 млн-ға жуық ампуласын, 150 млн-ға жуық таблетка мен капсула, қатты дәрілік нысандар, түпнұсқалық дәрілік препараттар шығарамыз, бірақ халықаралық, атап айтқанда, Pann…

0
0
508

Партия комиссиялары «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудағы негізгі мәселелерді талқылады

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына арналған, партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен «Нұр Отан» фракциясының кеңейтілген жиналысы барысында депутаттар «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудағы бірқатар проблемалар мен бұзушылықтар туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуының тұрақты мониторингін жүргізеді, солардың ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаның іске асырылуы ел экономикасына және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне едәуір ықпал етеді. Жиналыс барысында «Нұрлы жол» бағдарламасының партиялық мониторингінің аралық нәтижелері айтылды. Отырыс барысында партия комиссиялары «Нұрлы жол» бағда…

0
0
378

И.Тасмағамбетов: ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мен өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін паш етуі тиіс айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров қатысты, деп хабарлады pm.kz. Астанада өтетін көрменің маңыздылығын айта келе, И. Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін және елорданың келбетін паш етуі тиіс екендігін баса айтты. Осыған орай, шараны өткізуге және қонақтарды қабылдауға елорда инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, көрме қонақтары және қатысушыларының қауіпсіздігі, олардың қызықты әрі барынша жайлы орналасуы үшін бүкіл ша…

0
0
520