Министр халықты ақымақ көре ме?
Mинистр халықты ақымақ көре ме?
Министр мырза «біз барлық полицияны жұмыстан босатуға дайынбыз» деді. Бұл ІІМ-нің барлық қызметкері жемқор дегені ме? Олай болса, жемқорлардың басшысы өзі болып шықпай ма? Онымен қоймай « Германиядағыдай ақша төлесе, бізде дәл солай жұмыс жасар едік» дейді. Жарайды, қатардағы қызметкерлерінің айлығы аз, тұрмысы нашар болсын, ал генералдарының жемқорлықпен ұсталуларын қалай түсіндірер екен, министр мырза? «Балық басынан шіриді», қатардағы қызметкер өз отделінің басшысына, ол аудандық полиция бөлімінің басшысына, сөйтіп сатылап көтеріле береді. Бұл жағдай халыққа бес ене ден белгілі. Уланған сана-сезім дерттен арылып келе жатыр. Жемқорлық тек қана ІІМ-гін емес, бүкіл билікті жайлап алған ҚҰРТ,ВИРУС! Сондықтан жемқорлықтан құтылудың бір-ақ жолы бар, оны халық жақсы біледі. Халық әлі де шыдауда, мырзалар! «Шыдамның да шегі бар» соны ойланыңдар. Ашынған халық не істемейді, Сирия, Украина мен бізді қорқытпаңдар!! «Қорқа қорқа қоянда батыр болады». Ал, біз батыр елдің ұрпағымыз! «Келер кезек, терме тезек»!
