Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Д. Ақышев: Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 31,4 млрд долларды құрайды

Теңгенің өзгермелі бағамы елдің алтын-валюта қорын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оларды қалпына келтіру процесін бастауға да мүмкіндік берді. Қыркүйек ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,9%-ға өсіп, 31,4 млрд долларды құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Сондай-ақ, ол қыркүйек айының қорытындылары бойынша Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 млрд долларды құрағанын айтты. Оның айтуы бойынша, еліміздің халықаралық қоры 2016 жылғы қыркүйек айының соңында 95,8 млрд долларды құраған.

«Қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң болжамдардың қалыптасуы қазан айының басында базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және тұрақтылықтың расталуына қарай, базалық мөлшерлеменің одан әрі де төмендетілуі мүмкін», - деп қосты Д. Ақышев.

ШҚО ақпараттық орталығында Қазақстанның Ұлттық Банкінің басшысы Өскеменге сапармен келгенін хабарлады. Ол «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысып, ҚР ҰБ Шығыс Қазақстан филиалында болды.

Д. Әкішев Ақша дайындаудың толық өндірістік циклымен жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын ретінде Қазақстандық теңге сарайының бірегейлігін атап өтті.

«Металл өңдеу және заманауи монеталық және қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптастырылды. Оған қоса, ұжымның ұйымшылдығы, кәсіптік дәстүрлердің сабақтастығы сақталуда және баға жетпес тәжірибені жұмыскерлердің келесі буынына жеткізу мақсатында кадрлар даярлау жүйесі реттелді», – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуы бойынша, өнім сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі Қазақстандық теңге сарайын экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық және бәсекелі кәсіпорын ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. «Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларының тапсырыстары бойынша қымбат бағалы металдардан ұлттық валюта ақшалары да дайындалады», - деп хабарлады Д. Әкішев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
261

Осы тақырып бойынша