Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Д. Абаев: Ұлттық бренд байқауына жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды

«Қазақстан Республикасының ұлттық брендін» анықтау бойынша республикалық байқауға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды, барлық шығыстарды «Қазконтент» акционерлік қоғамы өтейді, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

«Шығыстардың жалпы сомасы 8 миллион теңгеден аспайды. Оның ішінде 5 миллион теңге – бірінші орын үшін сыйлық. Финалға қатысқандар 200 мың теңгеден алады. Ұйымдастырушылық жұмыстарға қаражат көп жұмсалмайды. Барлық шығыстарды байқауды ұйымдастырушы ретінде «Қазконтент» АҚ өтейді», - деп мәлімдеді министр.

Қазіргі уақытта байқаудың 1-кезеңі – интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі басталды. Барлық келіп түскен жұмыстар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған, мұнда ниет білдірген әрбір азамат SMS-хабарлама жіберу арқылы ұнаған жұмысына дауыс бере алады. Интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі күнтізбелік 15 күн ішінде өтеді.

Еске сала кетейік, байқау ағымдағы жылғы 31 тамызда басталған еді. Оған азаматтығын қоса алғанда, қандай да бір шектеулерсіз барлық ниет білдіргендер қатысты. Байқауға өтінімдерді жинау ағымдағы жылғы 15 қазанда өткен. Осы уақыт ішінде 965 өтінімге қол қойылған.

«Логотип пен ұранда елдің философиясы, біздің көзқарасымыз бен құндылықтарымыз  негізделеді. Қолдану форматы еркін болса да, ұлттық бренд мемлекеттік бейнелеменің бөлігі болып табылады, болашақта бұл мәселе шешімін табары анық. Бренд сәйкесінше шетелдегі ресми және бейресми шараларды қолданылатын болады», - деді Р.Василенко.

Министрдің орынбасары айтып өткендей, логотип пен брендті әзірлеу ауқымды жүйелік жұмыстың алғашқы кезеңі болып табылады. Нақтыланған комиссиямен расталған жұмыс жоспарына сәйкес, келесі жылдан бастап ҚР СІМ коммуникациялық стратегияны шетелде насихаттау бойынша ашық халықаралық байқау жариялауды жоспарлап отыр.

«Бұл кезеңде біз жаһандық дәрежеде ақпараттық кампаниялардың тәжірибесіне ие беделді тәжірибелі ұйымды тартуымыз керек. Біз өз ісінің мамандарын табуға тырысамыз, олар бізге тапсырманы тиімді, ұтымды әрі сапалы орындауға септігін тигізеді. Брендті үгіттейтін аймақ пен аудиторияны дұрыс таңдау керек. Біз алдымен шетелдік азаматтарды, оның ішінде инвесторлар мен туристерді тарту үшін жұмыс істейтін боламыз», - деді Р.Василенко.

Айта кетейік, 2016 жылдың басынан бері СІМ  ұлттық және өңірлік брендтерді ҚР мен шетелде насихаттайтын  үкімет жанынан арнайы құрылған комиссия органы болып есептеледі. Комиссияның мақсаты Қазақстанның имиджін халықаралық аренада ілгерілету үшін бар күш-жігерін шоғырландыру болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
426

Осы тақырып бойынша