ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
-1

Оқу мекемелерінде діни киім киюге тыйым салынды

Құрметті оқушылар мен ата – аналар, мектептерде діни киімдер мен діни атрибуттар (бас киімдер – бөріктер, тақиялар, хиджабтар және т.б.) киюге тыйым салынғаны туралы естеріңізге саламыз. 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі міндетті мектеп формасы үшін бірыңғай ережелерді енгізді. Осы талаптарға сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінде белгіленген ережелерді сақтау керек https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1792353037644055

Мектеп формасына қойылатын талаптар бұрынғыдай:пиджак, бешпет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, белдемше, классикалық блуза (қыстық нұсқасы: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Ұлдар мен қыздар үшін шалбар еркін пішімде, ұзындығы бойынша міндетті түрде аяқтың тобығын жабады.

Егер бала мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне діни киімде келсе, оқу орнының әкімшілігі оқушыны міндетті киім үлгісіне қойылатын талаптар жөнінде хабардар етіп,ескерту жасайды. Мұндай жағдай қайталанса, мектеп әкімшілігі баланың ата-анасын шақырып,сұхбаттасады. Алайда,белгіленген киімі үлгісіне қойылатын талаптарды бұзу қайталана беретін жағдайда, мектеп әкімшілік баланың құқықтарын қорғау үшін қамқорлық органдарына жүгінуге мәжбүр болады. Өйткені әрбір баланың құқығы – мемлекеттік міндетті білімді алу.

Міндетті мектеп формасы еліміздегі оқушылардың жалпы санынан 76,2%-ын қамтиды, ол бес мыңнан астам қазақстандық мектептерге енгізілген. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсуде. Сондай-ақ, міндетті үлгі республика мектептерінің бастауыш сыныптарына 100% енгізілген.