«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының бағалары қолжетімді болады – Жайымбетов
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бағалар мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерлердің бағаларына ұқсас болады деп ойлаймыз, деді ҚР ҰЭМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының ағымдағы бағалары туралы айта отыра, Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына көбірек бағдарланған барабар бағамен ерекшеленетініне назар аударды.
«Бәйтерек» салып жатқан тұрғын үйлердің бағалары барабар, несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде — бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында — бір шаршы метр үшін 180 мың теңге. Коммерциялық тұрғын үй — 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп санаймыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша да осындай бағалар болады деп ойлаймыз. Құрылыс материалдарының 80-90%-ға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар серпілісі болмауы тиіс. Ал таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе», — деп хабарлады Мархабат Жайымбетов.
Бүгінгі таңда Қазақстан құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 70 тармаққа көтеріліп (2015 жыл қорытындылары бойынша 92-орын) 22-орынға ие болған Doing Business дүниежүзілік банк рейтингі жарияланғанын атап өту қажет. Жалпы, Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болған, ал қазір 35-ші орынға дейін көтерілген.
«Нұрлы жер» бағдарламсының тұжырымдамасы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудың орнына ипотекалық кредит беруді дамыту, жеке тұрғын үйлерді салуға ынталандыруға бағытталған», - деп атап өтті Жайымбетов.
Осы бағдарламаның негізгі міндеттері: салынып жатқан тұрғын үй үшін, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына екінші деңгейлі банктер арқылы арзан ипотекалық қарыз беру арқылы сұранысты ынталандыруы; тұрғын үй салу үшін құрылыс компанияларына арзан несие беру арқылы ұсынысты ынталандыру; Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары үшін «револвьерлі» әдіс бойынша кредиттік тұрғын үй салу көлемін ұлғайту; әлеуметтік әлжуаз топтарға және еңбек күшінің оңай көшіп қонуын қамтамасыз ету үшін, тұрғын үйдің өңірлік қорын құру; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Қазіргі кезде Министрлік Бағдарламаның тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдар және түрлі ұйымдармен талқылап жатыр. Жобаны жұртшылыққа таныстырып, барлық пікірлерді елеп екшегенсоң Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілетін болады.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
