Мазмұнға өту

Жаңа

Лев Толстой атындағы орта мектебінде өткен кездесу

Л.Толстой атындағы орта мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысушы үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сенімді өкілдері Сағат Мәсімақынов, Сағындық Жылқыбаев және Жарқынай Садуова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламамен таныстырып, жиналған қауыммен үміткердің бағдарламасын талқылап, сұрақ жауаппен алмасты.

#Toqaev2022

0
0
228

Штаб мүшелері мұғалімдермен кездесті.

Одан кейін штаб мүшелері Пятимар ауылының мұғалімдерімен кездесу өткізді.

Әділетті Қазақстанның басты құндылықтарының бірі оқу-ағарту болып табылады. Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым өзінің жағдайын жасауға мүмкіндік көп болады.

Біз білім берудің барлық деңгейіндегі мәселелер өз шешімін табатынына кепілдік береміз. Балалардың тәрбиесі мен амандығы әрқашан біздің назарымызда.

Әділетті Қазақстанда педагогтарға ерекше рөл беріледі. Педагогтер өздерінің барлық рухани күші мен білімін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, отаншыл және табысты азаматтарды құруға құяды деп ұстаздарға деген ойын жеткізді штаб мүшесі Т.Жанболатов.

#Toqaev2022

0
0
210

Штаб мүшелері "Пятимар" БПҰ кездесті

Аудандық штаб жұмысы қарқынды жүруде. Соның бірі бүгін «Пятимар» БПҰ мүшелерімен кездесу. Штаб мүшелері Т.Жанболатов, Ж.Батырова, Г.Аманғалиева, Д.Мерешов болды.

Алда үлкен сайлау, қазірдің өзінде 18 күн қалды.

Үгіт насихат жұмысы барлық ауылдық округтерге жүргізіліп келеді. Бүгін міне сіздермен қауышып отырмыз деді Т.Жанболатов. Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алды бағдарламаларымен таныстырылып, жиын соңында алдағы сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
154

#1 спорт мектебінің ұжымымен кездесу өтті

Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Меруерт Махаббатқызы, Назима Боранбайқызы Қаскелең қаласындағы #1 спорт мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғалды.

Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауап берілді.

0
0
178

Сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды

Бүгін ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша көпсалалы Конгресс хол кешенінде өнер майталмандарымен қалалық штаб мүшелері Дәурен Тәңірбергенов , Жарқынбек Құлбайымбетов және қалалық қоғамдық штаб төрағасы Гаппар Сарсенбаев қатысты.Қалалық штаб төрағасы Ғаппар Сарсенбаев тұғырнаманың басым бөлігі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына, яғни, әлеуметтік көмек көрсету, мектеп, аурухана салу, мемлекеттің қаржысын тиімді пайдалану, бала капиталын жетілдіру секілді өзекті мәселелерге арналғаның тілге тиек етті.Ғаппар Амантайұлы монополиялардың жойылып, табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз етілетіндігі жайлы, көмекке мұқтаж кез келген азамат мемлекет пен қоғамнан қолдау ала алатындығы жайлы, ауызсу мәселелері мен азық түлік қауіпсіздігі жайлы…

0
0
367

Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі аудандық Мәдениет үйінде өтуде

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі аудандық Мәдениет үйінде өтуде.

t.me/toqaev2022

0
0
140

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың кездесулері

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Шамалған ауылындағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінде өтуде.

t.me/toqaev2022

0
0
146

Абай атындағы орта мектебінде өткен жылы жүздесу

Бүгінгі күні Абай атындағы орта мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысушы үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сенімді өкілі Аршагуль Тойбаева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламамен таныстырып, жиналған қауыммен үміткердің бағдарламасын талқылап, сұрақ жауаппен алмасты.

#Toqaev2022

0
0
151