Ақжайық музыка мектебінде кездесу өтті
Бүгін Ақжайық музыка мектебінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын мүмкіндігі шектеулі жандарға түсіндіру бойынша кездесуі өткізілді.
Аталмыш жиынға қалалық қоғамдық штаб төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, және қалалық мәслихат депуттары Худияров Ғалымжан және Ардақ Мансуров қатысты.
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған «Әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» қағидаттарынан тұратын 7 жылдағы даму бағдарламасының айқын басымдықтарды атап айтты.
Сайлауалды бағдарламадағы халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбекті қорғау, лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту секілді басым бағыттар бойынша кең көлемді мәлімет берді. Сондай-ақ, аталмы мекеме қызметкерлерін алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды. Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды істердің бірі екендігін жеткізді.
Кездесу соңында қонақтар қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді атсалысуға шақырды.
