Кандидаттың сенімді өкілдері Жаңақала аудандық өрт сөндірушілермен кездесті.
Кандидаттың сенімді өкілдері Жаңақала аудандық өрт сөндірушілермен кездесті.
Бүгін аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жаңақала аудандық өрт сөндірушілермен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оларға ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері сайлауалды бағдарламаның мән-маңызын түсіндірді.
🗣«Алдағы сайлау – елдің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам. Сондықтан баршаңызды осы сайлауға қатысуға шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев – халықшыл адам. Оның нақты дәлелі – бұған дейін қабылданған шешімдер. Азаматтардың әл-ауқатының артуы, ұлттық байлығымыздың елдің мүддесіне жұмсалуы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Ол сайлауалды бағдарламасындағы әр мәселенің жедел жолға қойылуына да мән беріп отыр»,- деді штаб төрағасы Т.Жанболатов.
#Toqaev2022
