Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Интертич" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері "Интертич" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Қоғамдық штабтың мүшесі, Дүйсенов Серiк Чапайұлы Қ.Тоқаевтың бизнес саласындағы жоспарланған жеңiлдiктер мен қолдаулар туралы айтып берді.

Қ.Тоқаевтың "Үш жарым жыл ішінде еліміз көптеген қиындықты бастан өткерді. Соған қарамастан, біз барлық салада ауқымды реформалар жүргіздік. Саяси реформаның бірнеше топтамасын жүзеге асырдық. Ата заңға маңызды өзгерістер енгіздік.

Маусым айында өткен референдум жұрттың тың бастамаларды қолдайтынын көрсетті. Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. Біз еліміздегі тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға кірістік. Барлық салада шынайы бәсеке болуы үшін әділ ережелер орнығуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр" - деп айтқан сөздерін штаб жетекшісі О.Тулемисов жеткізді.

"Интертич" ЖШС қызметкерлері сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

0
0
141

Осы тақырып бойынша

"Интертич" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті - Yvision.kz