Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Күнпейсов Мейрамбек,Тәңірберген Рахымберді және Бабичев Нурсеит сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, саяси науқанның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Шаға ауылдық клубында кездесу өткізді.

Ең алдымен штаб мүшелері үміткердің «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ және ӘРБІРІМІЗ ҮШІН. ҚАЗІР және ӘРДАЙЫМ» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, мұндағы көрсетілген тармақтардың әрбірі реформалар бағытының дәйектілігін және оның еліміздің одан әрі дамытуға бағытталғанын көрсететіндігін атап өтті.

Мұнан соң кездесу барысында ауыл тұрғындарының әлеуметтік, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты түрлі ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қараша айында өтетін сайлауда әрбір тұрғын жауапкершілікті сезініп, дұрыс таңдау жасау арқылы Әділетті Қазақстанды құруға шақырды.

#TOQAEV2022

#Toqaev2022

0
0
273

Осы тақырып бойынша

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті - Yvision.kz