Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілердің аттестациясын өткізу жайында

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды.  Семинардың жұмысында облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Ақмола облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің өкілдері қатысты. Семинардың модераторы Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызмет саласында бақылау мәселелеріне тоқтала кетіп, 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми орта өкілдері, депуттар кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Ақпарат проекциялық экрандағы тақырыптық слайдтармен сүйемелденді.

Аттестациялық комиссиялардың жұмыс органы персоналды басқару қызметтері танылады. Аталмыш семинар кадр қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді.

Іс-шара 103 адамды қамтыды.
Департамент госслужбы

0
0
247

Осы тақырып бойынша