Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зеренді ауданында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы семинар өтті

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Зеренді ауданында 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды.  Семинардың жұмысында жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аймақтық аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, БАҚ өкілдері қатысты.Семинардың модераторы Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми орта өкілдері, депуттар кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Ақпарат проекциялық экрандағы тақырыптық слайдтармен сүйемелденді.

Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 60 адамды қамтыды.

Департамент госслужбы

0
0
213

Осы тақырып бойынша