Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық штабы мүшелері Қыстаубаев Абдіжаппар. Сқабаев Бақыт

Кандидаттың Сайлауалды бағдарламасы аясындағы негізгі бағыттарды талқылау бойынша партияның облыстық штабы мүшелері Қыстаубаев Абдіжаппар. Сқабаев Бақыт Аккол ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесу өткізді. Кездесу барысында ой пікір алмасып алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
240

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты

📷Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың өкілдері Данияр Садықбаев ауылының тұрғындарына сайлауалды бағдарлама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📷Тұрғындарда өз кезегінде ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, Әділетті Қазақстанды құратын бірден бір лайық үміткер Қ.Тоқаевты әрдайым қолдауға даяр екенін жеткізді.

#Tokaev2022

0
0
182

"Alsad" ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесу

Қарасай ауданында халық коалициясы штаб өкілдерінің кездесулері өтіп жатыр. Мемлекет басшысы халықтың жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін салуда. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында ауызсу тапшылығы мәселесін біржола шешетінін айтты. Біз еліміздегі оң өзгерістерге қуаныштымыз. Президентімізге үлкен сенім артамыз.

Бүгінгі кездесу Мерей ауылында орналасқан "Alsad" ЖШС қызметкерлерімен өтті.

#toqaev2022

0
0
173

Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін Ақсай қаласының №8 мектебінің мұғалімдерімен және қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде қоғамдық штабының мүшелері сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi қоғам" деп аталатын бағыты бойынша өз ойларымен бөлісті.

Мектеп қызметкерлері жиналыстың соңында облыстық мәслихаттың депутаты - А. Агаевқа мектеп пен ескi Аралтал ауылына қатынайтын көлік туралы көмектесуiн өтiндi. Агаев Анвар Агаяроглы мәселенi шешу бойынша жұмыстанатынын айтты.

#Toqae2022

0
0
162

Аудандық штаб мүшелері және штаб белсенділері Теректі аулындағы «Аяжан» дүкенінің қызметкерлер

Аудандық штаб мүшесі Н.Қадырғалиев және штаб белсенділері Теректі аулындағы «Аяжан» дүкенінің қызметкерлерімен кездесіп, Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау үшін жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін” атты Сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

#Toqaev2022

0
0
170

Әр қызметкерлердің дауысы маңызды

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолдау мақсатында және де түсіндіру бойынша Сәтбаев қалалық қоғамдық штаб мүшелері Луиза Абдрахманқызы, Өмірхан Бузауұлы және Ғалымжан Жанатұлы қаламыздың «Казцентр наладка» қызметкерлерімен кездесіп үгіт насихат жиналысын өткізді. Әр қызметкерлердің дауысы маңызды екенін атап өткен штаб мүшелері 20 қараша сайлауға қатысып кандидатты қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
209

«Жедел қызмет көрсету» қызметкерлерімен кездесті

Сәтбаев қаласындағы «жедел қызмет көрсету» қызметкерлерімен кандидаттың сенімді өкілі Мухамедгалиева Шолпан Сафарбекқызы кездесіп ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп қолдау білдіру мақсатында үгіт насихат жиналысын өткізді

#Toqaev2022

0
0
244

«Бари» шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесу

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудан бойынша сенім білдірген өкілі Сүйнешев Әлібек Тау ауылындағы «Бари» шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің мөлшері де көбейіп келеді. Кәсіпкерлік қарқын алған жерде экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады. Кездесу соңында 20-сы қараша күні болатын сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын лайық деп танып, қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
137

Жәнібек ауданының ардагерлер кеңесі мүшелерімен және егде жастағы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері – Жәнібек аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уалиев Жәнібек ауданының ардагерлер кеңесі мүшелерімен және егде жастағы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесуде Біржан Қуаналиев кандидаттың өмірбаяны жөнінде мағлұматтар беріп және «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттар баяндап, толыққанды түсіндірді. Өз кезегінде Амангелді Уалиев бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктерді саралай келе, осы жетістіктерге өзіндік үлес қоса білген Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау көрсетуге үндеу жасады.Кездесуге қатынасқан ағ…

0
0
237

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мекемесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Сайлауалды бағдарламада " Бiз өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізуді жалғастыра береміз. Азаматтардың сапалы цифрлық қызметтерге қол жеткізе алады. Ұялы байланыстың бесінші буыны (5G) барлық облыс пен аудан орталығында пайда болады. Азаматтардың жеке деректерiнiң қауіпсіздігін оны жинау және сақтау, сондай-ақ жiктеу бойынша үздік әлемдік стандарттар енгізу есебінен күшейтемiз" деп айтылған сөздерін штаб жетекшісі О.Тулемисов баяндады.

Аталған мекеменің қызметкерлері сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

0
0
186