Ақсай қаласының №1 мектебінің мұғалімдерімен кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері Ақсай қаласының №1 мектебінің мұғалімдерімен кездестi. Аудандық мәслихаттың депутаты - Имашева Асель Жұмашқызы шақырылған сайлаушыларға сайлауалды бағдарламаның " Әдiлеттi қоғам" бағытына кеңiрек тоқталды. Жастарды еңбекқорлық пен белсенділік танытуға шақырды. Штаб жетекшісі О.Тулемисов бiлiм саласында атқарылатын шаралар туралы баяндады.Мұғалiмдер сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.#Toqaev2022





