Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық штаб мүшелері аудандағы азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері аудандағы азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен кездесті.

"Ақжол" партиясының мүшесі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi экономика" бағыты бойынша өз ойларымен бөлісті. Штаб жетекшісі О.Тулемисов әлеуметтік салада болатын жаңалықтарды баяндады.

Қызметкерлер тарапынан төмендегідей ұсыныс - пiкiрлер болды. Олар, жас отбасыларға бала дүниеге келгенде жәрдемақыны көлемі ұлғайтылса, азық-түлiк тауарларының қымбаттай беруi тоқтатылса деген.

Жиналыс соңында қызметкерлер сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

0
0
137

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық штаб мүшелері аудандағы азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz