Штаб мүшелері Покатиловкада
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Покатиловка ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында штаб мүшелері кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына кеңінен тоқталды.
Аудандық штаб төрағасы М.Ибраев сайлауалды бағдарламаның тұжырымдасымен таныстырып, Қ.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді.
Штаб мүшесі Николай Сунцов Әділетті Қазақстанды құру саясатының негізі этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісім екенін атап өтті. «Қазір кез келген қоғамның дамуының басты шарты келісім екенін белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ұстанған саясаттың басты басымдығы ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық екенін бірнеше рет мәлімдеді. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституциямен тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида», – деп айтып, тұрғындарды Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды Н.Сунцов.
«Үкімет тарапынан ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бар жағдай жасауда. Қ.К.Тоқаев сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналатынын айтып жатыр», - деді өз сөзінде штаб мүшесі Б.Қазиханов.
Жиналған ауыл тұрғындары сайлауалды бағдарлама туралы ойларын білдіріп, сайлауда Қ.Тоқаевты қолдайтынын жеткізді.
#Toqaev2022
