Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

📷РШҚ мүшелері Хромтау ауданына барды

Хромтау ауданы — халқы ауыз сумен, газбен қамтылған, өндіріс орындары көп, моноқала мәртебесіне ие болған облыстағы бірден-бір өңір.

📷Қ.Тоқаевтың жақтастары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сергей Симонов, Дания Еспаева, «АС-АН» ЖШС Бас директорының орынбасары Марат Қойлыбаев, Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенова Тассай, Табантал, Құдықсай, Көктау елді мекендерін аралап, халықпен кездесті.

📷Төрт ауылда болған кездесуде штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы үш қағидатты және аталған қағидаттар аясында алдағы жылдары елімізде қандай жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.

📷Мәжіліс депутаты Сергей Симонов азаматтардың адал, өнімді еңбегі қорғалып, құрметтелетінін, еңбек адамдарына лайықты жалақы төленетінін айтты.

📷«Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, алдағы уақытта жұмысшылардың құқығы мемлекеттің қатаң қадағалауында болады. Сондай-ақ елімізде кәсіподақтар қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылады», - деді ол.

Кездесулер барысында хромтаулық тұрғындар да алдауға сайлауға белсене атсалысатынын жеткізді.

📷«Ауылымыз күннен-күнге көркейіп келеді. Мұнда сапалы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Ел Президентіне кандидат Қ.Тоқаевтың бағдарламасында да ауылдарды дамытуға бағытталған жобалар көп. Сондықтан алдағы уақытта ауылдардың жағдайы одан әрі жақсара түсетініне сенеміз», – деді Тассай ауылының тұрғыны Рахымжан Скендір.

Сергей Симонов көктаулық кәсіпкер, көпбалалы ана Эльмира Таңатарованың үйіне арнайы барды. Осыдан үш жыл бұрын «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, өз кәсібін ашқан Эльмира қазір тігіншіліктің арқасында отбасын асырап отыр.

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
354

Осы тақырып бойынша

📷РШҚ мүшелері Хромтау ауданына барды - Yvision.kz