Мазмұнға өту

Жаңа

Күйеу жігіттің тойға дайындығы

Халқымыз үшін той өткізу қашан да абыройлы іс болып есептелген. Ұлы ер жетіп, азамат болып, өз отбасын құруға шешім қабылдауы ата-ананың ерекше қуанышы. Өмірлік жарын таңдап ұсынысын білдіргеннен кейін нағыз той қамын жасау қарбаласы басталады. Бірнеше сатыдан тұратын үйлену дәстүрінің ең алғашқы рәсімі құда түсу. Күйеу жігіттің отбасына сыйлы кісі таңдалынып, жанындағы бірнеше туыстарымен қалыңдыққа құда түсуге барады. Бұл рәсім екі отбасының өзара келісімімен орын алады. Құда түсіп, екі жақ келісіп, той өткізуге ыңғайлы күн таңдалғаннан кейін той дайындығына кіріседі. Той өткізудің азабы да аз емес, ғажабы да жетерлік. Сол үйлену тойына күйеу жігіт қалай дайындалуы керек, барынша қамтып жеткізіп көрейік. Ендеше кеттік https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/podgotovka-k-svadbe-zheniha

0
0
680

Қалыңдықтың дайындығы

«Қыз» сөзінің өзі әдемілік, инабаттылық, нәзіктік, ізеттілік сияқты бірқатар сұлулықты сипаттайтын сөздерімен астарласады. Халқымыз отбасындағы қыз балаға кішкентайынан ерекше көңіл бөліп, мәпелеп, көрікті, ізетті асыл жан етіп өсірген. Қыз баланы сыйлап құрметтеу, ар-намысын жоғары қою қазақ халқының бойына сіңген қасиет. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі». Отбасының асылы, қазынасы уақыт өте келе бой жетіп бөтен босағаны аттап, өз отбасын құрып, шаңырақтың ұйтқысы болатын уақыт жетеді. Оң жаққа отырғызып қонағындай сыйлап өсірген қызын өзге отбасыға, жат жұртқа жіберу ата-анаға қашанда оңай тимеген. Сондықтан да, кішкентайынан «Сыйлай білсең, сыйлы боласың» деп қарттарды құрметтеп, кішіге ізеттілік танытып, үй шаруасына, берекесіне баулып өсіреді. «Қызына жақсы тәрбие бер…

0
0
389

Как на свет появляются мажорики с принципом «ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» или это просто так их балуют родители!

Всем доброго врмени суток! Сегодня, я пищу свой второй пост. Потехоньку учусь правильно излогать свою мысль на бумаге. Как то старнно, в последнее время меня тянет к «ноуто» что то написать или просто накарякать. Пишу очень коротко, даже это для меня такое событие, это как агент 007 спасает весь мир от террористов или как Уилл Смит в день независимости...... Ладно, перейдем к сути нашего поста. Мысль про «мажориков» пришла мне в голову, в то время как моя младшая дочь сломала достаточно дорогую игрушку (даже 2 дня не поигралсь), а наша мама начела ее ругать за это. Но, тут вмешался я, защищяя свою молютку от ее собственной мамы))) с словами «это же просто игрушка, что ты ее ругаешь из-за какой-то вещи, сколько бы она не стоила» и еще, что то в этом духе типа, «эта наша дочь, пусть делает…

0
0
385

Метрологияда өткен семинар

А.ж. 12 мамыр күні Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Г.Д. Сәрсембаева және А.А. Исинмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің инспекторы С.Н. Зайцевамен мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтурылар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басым бағыттары, Әдеп Кодексінің ережелері және мемлекеттік қызметіне түсу және өту мәселелері бойынша заңна…

0
0
360

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қостанай облысы халқының еңбек саласындағы мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін, ҚР Премьер-министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Шараға облыс басшысы, аудандар мен қалалардың және ауылдық округтердің әкімдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жетекшілері, сондай-ақ, өзге де мүдделі ведомстволар өкілдері қатысты. Министр жалпы ел бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады. Қостанай облысында, бағдарламаның алғашқы бағыты аясында (Бағдарлама қатысушылар техникалық-кәсіби оқумен және қысқа мерзімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету), ағымдағы жылы 1000-нан аста…

0
0
491

Аттестация нәтижелі өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы шеңберінде, оның ішінде 15 қадамын жүзеге асыруға сәйкес елімізде 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусына кіретін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді комплексті аттестациядан өткізу жоспарланған болатын. Бұған дейін үш жылда бір рет ұйымдастырылып келген сынақтарға осы жылы біраз өзгерістер енген. Биылғы аттестация бір реттік және кешенді сипатқа ие. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер құқықтық сауаттылығы бойынша тест тапсырмады. Оның орнына арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы олардың нақты лауазымындағы тиімді жұмысқа қажет құзыреттілігі бағаланды. Бұл бағдарламаны әзірлеуге осы салада кеңінен танымал халықаралық компания көмектесіпті. Осыған байланысты, аттестация мақсаты - м…

0
0
412

Бәсеке

Бәсекелестік. Алдау. Озу. Жолды кесу. Көреалмаушылық пен қызғаншақтық. Қоғамда сыйласу мен түсінісу деген сөздер мағынасын жоғалтты. Адамға жеке бас қамы маңыздырақ. Достық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты түсініктер кейінге қалтырылды. Адам миында алғашқы орында пайда мен эгоизм, өсек пен көрсеқызарлық. Алайда, бұның барлығы уақытша екенін қоғам түсіне білуі тиіс. Уақытша жеңіс, уақытша пайда, уақытша ақша. Дүние мен байлыққа ұмтылыс адамдарды ең қауіпті жыртқышқа айналдырды. Ал ең бастысы не? Бастысы жүрек. Иә, жүрек. Жүрек тазалығы мен түзу ниет. Таза еңбек пен достыққа адалдық. Бұл түсініктер санасында қалған адамдар санаулы. Демек, сол санаулылар ғана мәңгілік бақытқа кенелмек...

Картинки по запросу деньги монеты

0
0
440

Мамандандырылған ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізілді


2017 жылғы 28-29 сәуірде, 5 мамырда сыбайлас жемқорлық жағдайларын қысқарту бойынша 10 қадамды іске асыру жөніндегі Жоспарды орындау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО қызметіне мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді, төрешiлдiкті анықтау мақсатында мониторинг өткізілді.

Мониторинг СҚО бойынша Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының филиалымен бірге «Жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілді, оның барысында мамандандырылған ХҚКО қызметіне және көлік құралдарын тексеру терминалының жұмысына мониторинг жүргізілді.

0
0
409

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің техникалық құралдарына қоғамдық аудит

Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадамды жүзеге асыру жөніндегі 4-ші қадаммен техникалық құралдарға қоғамдық аудит жүргізу көзделген.

2017 жылдың 12 мамырында қоғамдық аудит бойынша комиссия СҚО ІІД ЖПҚ қызметкерімен бірлесіп Петропавл қ. ЖППБ инспекторлары орналасқан орындарды аралап шықты. Тексеріс барысында саны 2016 жылдың қарашасымен салыстырғанда едәуір артқан бейнежетондардың пайдаланылуына және олардың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Ал бейне түсірілімді үздіксіз қамтамасыз ету үшін инспекторлар арнайы портативті қуат көздерімен жарақтандырылған.

Іс-шара қорытындысы бойынша Петропавл қаласы ЖППБ инспекторларының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер азайту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.

0
0
528