Метрологияда өткен семинар

А.ж. 12 мамыр күні Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Г.Д. Сәрсембаева және А.А. Исинмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің инспекторы С.Н. Зайцевамен мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтурылар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басым бағыттары, Әдеп Кодексінің ережелері және мемлекеттік қызметіне түсу және өту мәселелері бойынша заңнамасының жаңа талаптарына түсініктеме берілді.
Семинар барысында қатысушыларға слайдтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық бейнероликтер көрсетітілді.
Семинар аясында барлық түскен сұрақтарға жауап қайтарылды.
