Күйеу жігіттің тойға дайындығы
Халқымыз үшін той өткізу қашан да абыройлы іс болып есептелген. Ұлы ер жетіп, азамат болып, өз отбасын құруға шешім қабылдауы ата-ананың ерекше қуанышы. Өмірлік жарын таңдап ұсынысын білдіргеннен кейін нағыз той қамын жасау қарбаласы басталады. Бірнеше сатыдан тұратын үйлену дәстүрінің ең алғашқы рәсімі құда түсу. Күйеу жігіттің отбасына сыйлы кісі таңдалынып, жанындағы бірнеше туыстарымен қалыңдыққа құда түсуге барады. Бұл рәсім екі отбасының өзара келісімімен орын алады. Құда түсіп, екі жақ келісіп, той өткізуге ыңғайлы күн таңдалғаннан кейін той дайындығына кіріседі. Той өткізудің азабы да аз емес, ғажабы да жетерлік. Сол үйлену тойына күйеу жігіт қалай дайындалуы керек, барынша қамтып жеткізіп көрейік. Ендеше кеттік https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/podgotovka-k-svadbe-zheniha
