Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды
Бүгін Астана қаласында өткен Үкімет отырысында Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның аясында қабылданған, мүгедектерге қатысты барлық жалпыазаматтық құқықтарды іске асыруды талап ететін міндеттемелер жайы қаралды. Мүгедек адамдарға өмірлік маңызды қызметтерді ұсынатын 36 мыңнан астам әлеуметтік маңызды нысан анықталды. Оның ішінде 18,4 мың нысан (немесе 63,6%) қолжетімсіз деп танылды. Емханалардың, ауруханалардың, мектептердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бейімдеу деңгейі 62,4%-ға жетті. Көліктік инфрақұрылым қолжетімділігінің көрсеткіші 50%-дан төмен. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда әлеуметтік такси қызметтері белсенді дамуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізуге байланысты, соңғы екі жылда такси парктерінің саны 8 есеге (11-ден 89-ға дейін) артты. Жыл сайын…