Мемлекет игілігіне қызмет ету — түлектің таңдауы

А.ж. 15 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің СҚО бойынша департамент қызметкерлері «Түлек - 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Департамент басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко дәстүрге айналған форумның жоғары тиімділігін атап өтті. Өйткені мемлекеттік қызметтің қатарын толықтыруға ниет білдіруші жастардың саны жыл сайын артуда.

Жәрмеңке барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы бас маманы Динара Әлдименова мемлекеттік қызметке түсу, тест тапсыру және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналысу тәртібі туралы түсініктеме беріп жаднамалар таратты.

Департаментпен тұрақты түрде мемлекеттік қызметті насихаттау жұмысы жүргізіледі, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу, ақпараттық түсіндіру және имидждік шаралар өткізу тағы бар.

