Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау жарияланды
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісе отырып жемқорлыққа қарсы әрекет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі байқау жариялады. Байқаудың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен оған қарсылық атмосферасын қалыптастыру, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам тарапынан бақылауды белсенділендіру. Конкурс жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында 2 кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде партияның аумақтық филиалдары байқауды жергілікті атқарушы органдар арасында өткізсе, екінші кезекте облыс әкімдігіне қарасты органдар мен мемлекетті қызметкерлер арасында өтетін болады. Байқау «Үздік департамент (бас…