Алматы қаласы жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы


2017 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 38 Жоғары оқу орындарының ректорларымен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиялық адалдық қағидаларды қалыптастыру мақсатында «Тұран» университетінің залында ынтымақтастық хартияға қол қоюдың салтанатты рәсімін өткізді.
Салтанатты рәсімге Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен тәрбие жөніндегі проректорлары, жастар істері комитетінің төрағалары мен студент жастар сонымен қатар, Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қызметкерлері мен «Жас Отан» қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов алғы сөзбен ашып,
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри, «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева өз баяндамаларында Хартияның жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың санасын қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына жастарды және жастар ұйымдарын тартудағы орны ерекше екендігіне тоқталды.
Баяндамашылардан кейін білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларды қалыптастыру мақсатында дайындалған 10 минуттық бейне роликте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жемқорлықтан тыс университет» жобасын жүзеге асырудағы озық тәжірибесі, студенттерге қызмет көрсету «Керемет» орталығы және «Е-кампус» жобалары мен бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне интеграцияланған Ситуациялық басқару орталығының жұмыстары көрсетілді.
Салтанатты жиынның негізгі бөлімінен кейін Алматы қаласындағы 38 жоғары оқу орындарының басшылары бір мезгілде Хартияға қол қойды.
Жиынның соңында «Тұран» университеті студенттерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз университет» атты флешмобты қатысушыларға тарту етті.
Хартияға қол қою рәсіміне «Хабар», «Алматы» телеарналары мен «Айқын», «Қазақстан Заман», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің тілшілері қатысты.
Антикоррупионная хартия высших учебных заведений
города Алматы
31 мая 2017 года в целях формирования правил академической честности по противодействию коррупции в зале университета «Туран» состоялась торжественная церемония подписания хартии сотрудничества Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы с 38 высшими учебными заведениями.
В торжественной церемонии приняли участие ректоры и проректоры по воспитательной работе высших учебных заведений города Алматы, председатели комитетов по делам молодежи ВУЗ-ов, студенты, сотрудники управления по вопросам молодежной политики г. Алматы и представители общественных организации «Жас Отан».
Торжественную церемонию открыл приветственным словом Президент ассоциации высших учебных заведений Республики Казахстан Рахман Алшанов.
Руководитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы Айгуль Байханова, доктор юридических наук, профессор, академик, Ректор Евразийской юридической академии имени Д.А. Кунаева Умирали Жалаири, Председатель республиканского движения «Болашак» Даурен Бабамұратов, а также проректор КазНУ им. Аль-Фараби Шолпан Джаманбалаева выступили с докладами, подчеркнув, что Хартия против коррупции занимает особое место в социальном развитии по формированию антикоррупционной культуры в высших учебных заведениях и вовлечения их в реализацию антикоррупционной политики государства.
После выступления докладчиков по формированию антикоррупционной культуры, в целях формирования принципов академической честности, КазНУ им.аль-Фараби показан 10-минутный видеоролик «Университет вне коррупции», в реализации проекта был использован передовой опыт, центра обслуживания студентов «Керемет», «Е-кампус» и проекты единой информационно-аналитической интегрированной системы управления ситуационного центра.
После основной части торжества руководители 38 высших учебных заведений города Алматы подписали Хартию.
По завершении мероприятия студентами университета «Туран» был организован флэшмоб на тему «Университет вне коррупции».
В Церемонии подписания хартии присутствовали представители СМИ (телеканалы «Хабар», «Алматы» и корреспонденты газеты «Литер», «Заман-Казахстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы»).
