Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау жарияланды
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісе отырып жемқорлыққа қарсы әрекет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі байқау жариялады.
Байқаудың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен оған қарсылық атмосферасын қалыптастыру, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам тарапынан бақылауды белсенділендіру. Конкурс жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында 2 кезеңмен өткізіледі.
Бірінші кезеңде партияның аумақтық филиалдары байқауды жергілікті атқарушы органдар арасында өткізсе, екінші кезекте облыс әкімдігіне қарасты органдар мен мемлекетті қызметкерлер арасында өтетін болады.
Байқау «Үздік департамент (басқарма, бөлім)», «Үздік маман» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегі жаңа әдістер» тақырыбындағы үздік жұмыс» номинациялары бойынша өткізіледі.
1-ші кезең – 2017 жылғы 12 маусым мен 5 шілде аралығында, партияның территориалды филиалдары байқауды жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелердің арасында өткізеді. Байқау нәтижелері (әр номинация бойынша) 2017 жылғы 12 шілдеге дейін шығарылады және жеңімпаздар материалдары Ақмола облыстық партия филиалына жіберіледі (номинациялар бойынша 1-ші орын алған жұмыстардың түпнұсқасы, қазылар алқасының хаттамалары).
2-ші кезең – Байқау 2017 жылғы 12-ші шілде мен 11-ші тамыз аралығында, орталық мемлекеттік органдардың территориалды бөлімшелері мен облыстық әкімдікке қарасты мемлекеттік органдар арасында өткізіледі.
1-ші мен 2-ші кезеңнің нәтижелері 2017 жылғы 25-ші тамызға дейін жүргізіліп, 3 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.
Аталған байқау – «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бастамасы. Көзделген мақсаты мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы жұмысына баға беріп, үздіктерді анықтау. Жеңімпаздар марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8-(716-2)-72-24-62; 8-(716-2)-51-81-17.

