Мазмұнға өту

Жаңа

Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар өткізу туралы

Департаменттің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жұмысы жалғасуда. 23.05.2017 жылы Департамент, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау Басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен құрылған ұтқырлық топтың № 13 орта мектебінде Промышленный поселкесінің тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесуде зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемелекеттік жәрдемақылар тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек беру мәселелері бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
266

«Ашық есіктер күнін» өткізу

Азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары, әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жолдары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөніндегі ақпараттық –насихаттау жұмыстары бойынша бекітілген медиа-жоспарға сәйкес Департамент пен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп әлеуметтік саладағы  ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

0
0
364

«Астана қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімділікті және кедергісіз жүруді қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы»

19.05.2017 жылы Астана қалалық әкімдігі ғимаратында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша Астана қаласының мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы О.А.Мұқияев, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О. Нұрғожина баяндамалар жасады.

0
0
462

Халықтың ұтқырлығы аз топтары үшін қала объектілері қолжетімділігінің мәселелері бойынша кеңес

2017 жылғы 12 мамырда «Алматы» ауданының әкімдігі ғимаратында Астана қаласының Алматы ауданы кәсіпкерлерімен кеңес өтті. Осы кеңесте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы О.А.Мұқияев «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнамасының нормаларын сақталу тексерістердің нәтижелері туралы» атты баяндама жасады. Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О. Нұрғожина, Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры О.К. Омар және Астана қаласы прокуратурасының өкілі С.Е. Салқомбекова сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдігілерінде шағын және орта бизнестің өкілдерімен ұқсас кездесулер өтті.

0
0
435

Азаматтарды қабылдау

2017 жылғы 03 мамырда «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтырдың қабылдауы өтті. Мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы С.З. Игембаеваеман қабылданды, сондай-ақ барлық қойылған сұрақтарға «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен түсіндірмелер берілді.

0
0
258

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы жалғасуда

А.ж. 21 маусым  күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Аграрлық кредиттік корпорация және Психоневрологиялық диспансері ұжымдарымен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін  аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
369

Болашағымыз бірлікте!

Қазақстан жүзден астам диаспораның өкілдері өмір сүретін көп ұлтты мемлекет. Сондықтан, елдің береке-бірлігі, татулығы мен сыйластығы ең бірінші орында. Оны Елбасымыз да жиі айтып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: Ортақ ордамыз Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру елдің мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050-Стратегиясында» айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз Ортақ, тілегіміз бір. Ол жері гүлденгенде, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан» - деп айтып еді. Елбасымыздың бұл ұраны барша қазақстандықтардың жүрегінен мәңгілік жол тауып, еліміздегі барлық ұлттың өкілдері ортақ үйіміз болған Қазақ мемлекетін дамыту жолында жұмылуда. Әрбір азамат осы алып ақ орданың уығы…

0
0
2710

ҰБТ жөнінде жалпы ақпарат

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1-і шілде аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 қазақ тілінде және 23618 орыс тілінде. 20 маусым күні тестілеуге 16 468 бітіруші қатысады, оның ішінде қазақ тілінде – 12 929, орыс тілінде – 3539. Тестілеу 165 ҰБТ өткізу пунктіне (бұдан әрі – ҰБТӨП) өтеді. Ең жоғары балл саны 140.Назар аударыңыз: тестілеу нәтижесімен келіспеген түсушілер келесі күні сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.С…

0
0
759

Туған елге тағзым 2017

ТЕТ 2017 жобасының соңғы күні де аяқталды.Жобаның алдында мен тек қана сабақты ойлап едім,алайда Талдықорған қаласының кураторы Ерік Кенесұлының арқылы біз сабақпен сауықты баланста ұстай алдық.17.06.17 біз бағдарлама бойынша ертерек тұрып Текелі қаласындағы будда дінінің қалдырған тастарына тоқтадық,халық аңыздарының көмегімен біз өзімізге жаңа ақпарат естідік.Содан соң біз Черкасай шатқалына жөнелдік,шатқалға дейін біз Талдықорған қаласының әсем табиғатын бақылап,жаңа әсерлер алдық.Алайда Джунгария лагерінде көптеген қызықты заттар көрдік,мысалы сарқырама,арқанжол тіпті кедергілер алабы болды.Мен сарқырмамен арқанжолдан көп әсер алып,Алматы мен Талдықорған қалаларын көп жылдарға есіме сақтаймын.Менің ойымша мен ғылыми жобамды бітіріп болашаққа көп жаңа ақпарат білдім,ТЕТ жобасына алғысы…

0
0
1332

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері санының артуы, санитарлық тәртіптер мен нормативтердің жеңілдетілуі мен үй тапсырмаларының азаюы

31 мамыр күні Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды. Бұл кездесу барысында Ерлан Сағадиев (https://yvision.kz/post/770932) министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп, өзінің блогы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді. Одан кейін вице-министр Эльмира Суханбердиева сөз алып, 2016-2017 жылдың қорытындысы жайында, «2050 стратегиясы» мен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары төңірегінде министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы мәлімет берді. Оның айт…

0
0
830