Халықтың ұтқырлығы аз топтары үшін қала объектілері қолжетімділігінің мәселелері бойынша кеңес
2017 жылғы 12 мамырда «Алматы» ауданының әкімдігі ғимаратында Астана қаласының Алматы ауданы кәсіпкерлерімен кеңес өтті. Осы кеңесте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы О.А.Мұқияев «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнамасының нормаларын сақталу тексерістердің нәтижелері туралы» атты баяндама жасады. Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О. Нұрғожина, Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры О.К. Омар және Астана қаласы прокуратурасының өкілі С.Е. Салқомбекова сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдігілерінде шағын және орта бизнестің өкілдерімен ұқсас кездесулер өтті.
