Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар өткізу туралы
Департаменттің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жұмысы жалғасуда. 23.05.2017 жылы Департамент, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау Басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен құрылған ұтқырлық топтың № 13 орта мектебінде Промышленный поселкесінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуде зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемелекеттік жәрдемақылар тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек беру мәселелері бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
