Мобильді топтың кезекті сапары
А.ж. 7 қыркүйекте Департаменттің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен емқорлыққа қарсы мобильдік топтың халықпен кездесуі өтті.
Жұмыс барысында мобильді топ облыстық қан орталығының ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері туралы айтты.
Жемқорлыққа қарсы мобильдік топ аптасына екі рет облыс орталығында және аудандарда жүзеге асырады.
Шортанды аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында Кеңес төрағасы, жұмыспен қамту орталығының директоры Қожамсеитов А. Ш. төрағалығымен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарының, бизнес құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Шортанды ауданының білім беру мекемелерінде 4 қыркүйектен 8 қыркүйек аралығында жыл сайынғы «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-күшті ел» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілуде. Сондай-ақ, оқушылар арасында аталған тақырып бойынша суреттер және плакаттар конкурсын өткізу жоспарланып отыр.