Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Шортанды ауданында
Ағымдағы жылдың 1 наурызында Ақмола облысының дәстүрлі болған «Адал жол – Честный путь» Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталды. Шортанды ауданында марафонды өткізу кестесіне сәйкес іс – шаралар ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 14 қыркүйегіне дейін өтетін болады.
Осыған орай, Шортанды ауданы әкімдігінің өкілдерімен Ақкөл ауданының Домбыралы а. шекарасында Степногор қ. делегациясынан «Адалжол- Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы «эстафета алауы» қабылданатын болады. Іс-шараға ауданның мемлекеттік органдарының, жастар ресурстық орталығының өкілдері, сондай – ақ екі жақтан жастар белсенділері қатысты.
Марафон аясында балабақшаларда, мектептерде, №5 Агротехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын насихаттауға бағытталған іс – шаралар өтеді. Марафон шеңберінде әртүрлі іс – шаралармен ауданның балалары мен жастары ғана емес, сондай –ақ ересек халқы да қамтылатын болады. Ауданның бүкіл жерлерінде тақырыптық ақпараттық сағаттар, диалогтық алаңдар, пікірсайыстар мен әңгімелесу, дөңгелек үстел отырыстары, кітап көрмелері, плакаттар конкурсы, жастар флешмобы және аудан жастарының әлеуметтік желілерде жолдаулары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы басқа да іс – шаралар өткізілетін болады.
