Мазмұнға өту

Жаңа

Өмір — бізге берген құдай сыйы

Өмір - бізге берген құдай сыйы,
Өмір - бізге берген Алла сыны.
Ендеше сол сынақты мүдірместен,
Өтейік нәсіп болса сынбай шыны.

Өмір - сынап келесің адамды,
Білгендей әр - бір қадамды.
Білсеңде бір сәт айтпадың,
Жаратылғансың неткен шыдамды.

Өмір - жетелейді күнде алға,
Таусылмас сынақ шіркін шыбын жанға.
Бермейді ау өмір бірақта,
Сұрасаңда күн біткенде жанға сауға

0
0
657

Білесің бе сұлұ қыз !

Білесің бе сұлұ қыз,
Түнде ұйқым қашып жүз.
Төсегімде дөңбекшіп,
Жатқанымның себебі сіз.

Әй сұлу қыз көздері қара,
Табамын сені іздесем ғана.
Өзіңе ынтық жігітті бірақ,
Бақыт деп сана.

Аймен сырлас болып ем,
Күнде күтем айды мен.
Сұрап қоям сен жайлы,
Көрген шығарсың айды сен.

Жұлдыз біткен жыпырлар,
Соққан жүрек тамырымнан қыбырлар.
Білсе егер сен жайлы айлы түн,
Самал желмен құлағыма сыбырлар.

0
0
389

Ертегі

Маxаббат деген ертегі,
Сезімнің күйін шертеді.
Есіңді алып жүрекпен,
Соңынан еріксіз ертеді.

Маxаббат мәңгі естелік,
Сүймедім сені деспелік.
Ұмытпай өтер өмірде,
Сезімнің күйін кешелік.

Маxаббат өмір тірегі,
Сүю ғой пенде тілегі.
Сезімнің орны адамда,
Сүйетін ессіз жүрегі.

0
0
389

Бұрылар сұлу жасыма жігерім

Қарақат көзді қарағым,
Күндерді сенсіз санадым.
Ұнатқан сені шын сүйе,
Сезімге бар сұрағым.

Құлаттың қызды ұнатып,
Қойды ғой қолын сұратып ?
Қинады сұлу бұрылмай,
Жүректі үнсіз жылатып.

Сезімді ұғын жүрегім,
Ұғыншы осы тілегім.
Бағаңды біліп бір күні,
Бұрылар сұлу жасыма жігерім.

0
0
389

Қимастық

- Ало Ж.. болама ?
- Ол тұрмысқа шығып кетті...

Телефонда сақтаулы тұр номерің,
Өшіргем жоқ сақталуы ғой есімің.
Қалай ғана өшірмекпін жүректен,
Бір кездергі бақытымның себебін.

Мұңайдыма көңілім маxаббаттан,
Сағындым ба өзіңді қимастықтан.
Жүрегімді тілімдеді басқа емес,
Ойлағанда есіміңді атайтыны өзге жан.

Бақыт тілеп қуанғым ақ келеді,
Тапсаң артық менен өзге жүрегімде көнеді.
Бірақ қимай айтар сөздер жүректен,
Шыға алмастан тіл ұшында сөнеді.

0
0
484

«Өрлеу» жобасына қатысушы азаматтар саны 161 мыңнан асты

Қазақстанда «Өрлеу» бағдарламасы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін жоба еліміздің барлық 14 облысы мен Астана және Алматы қаласын толық қамтыды. 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес, «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 161,7 мың адамға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 32,5 мың адам немесе «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың 91,7 %-ы тартылды. Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 660 жас маман қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды. «Өрлеу» жобасына шартты атаулы көмекті тағайындау үшін жүгінген отбас…

0
0
524

Періште қыз

Жалғанда болса періште,
Санаушы едім нәресте.
Көз қарас тағы өзгерді,
Сұлуды көзбен көргенде.

Жүрегім соқты өзгеше,
Түскенде небір күйгеде.
Періште қызды ойлаумен,
Жаздым ғой өлең көзбенде.

Періште жанға кезігіп,
Періштені сүйгенім сезіліп.
Жүрсем ғой ылғый ғашық боп,
Періште қызды сезініп

0
0
316

Күрең күз қайта күтеміз

Қош енді қош күрең күрең күз,
Жазды да қуып келгенсіз.
Сырларды ашпай түнеріп,
Тамшыңмен жуып кетпексіз.

Қош енді қош күрең күз,
Күрең күз бізге керексіз.
Жаздайғы еңбек табысын,
Келгенде бізге бермексіз.

Қош енді қош күрең күз,
Түнеріп әрең жеткенсіз.
Қарайып ылғый сұрлана,
Жасыңды төктің үнемсіз.

Қош енді қош күрең күз,
Қалмайсың мүлде елеусіз.
Тойлаймыз ылғый өзіңді,
Келгенде бізге күзде сіз.

Қош енді қош күрең күз,
Кетесің енді білеміз.
Сыйлайтын шабыт ақынға,
Күрең күз қайта күтеміз.

0
0
474

Алғашқы маxаббат

Қандай уақыт, қандай кез,
Қыздар неткен қатыгез.
Қарамайды ау шіркіндер,
Ысқырсаңда біліп тез.

Күнде ойлаймын қыз жайлы,
Қара түнде ол қайғы.
Сені ойлаған сәтіме,
Түнім куә мына айлы.

Хатты жаздым өзіңе,
Қарашы әрбір сөзіне.
Байқалама xатымда,
Ғашықтығым көзіңе.

Білмегендей өтіп кетер жанымнан,
Қиналсамда сипамайды басымнан.
Құдай куә бұл өмір,
Жасамады сиды маған тосынан.

Жүрегімде сезім шоғы ашылған.
Жүрегіме сенің таңбаң басылған.
Кездесуге алып ұшып барғанда,
Қайттым тағы искеместен шашыңнан

0
0
351

Жұлдыз FM — ге

Жарқыраса әр таңда фм жұлдыз,
Көтереңкі көңіл күй сізде күндіз.
Әсем әннен 101.4 - те шашу - шашар,
Қуансын деп тыңдарман сізбенен біз.

Әзілімен қыстың өзін жаз еткен.
Қабағыңды қалжыңымен түзеткен.
Қарапайым қазақ ұлы Жасұлан,
Көңіл күйді таңғы шоуда күзеткен.

Күлкісімен әр жүректі жаулаған
Қарапайым бір кісіні қолдаған.
Таңғы шоуда, таңғы көңіл силайтын,
Мыңбай қызы Анар xаным саналған.

Бойдақтарға сезім отын силаған,
Назданғанда әр жүректі қинаған.
Өлең жазып, ән арнаса жігіттер,
Маxаббат пен Элмираға арналған.

Келді екіге тәй - тәй басқан сәбиім,
Толқындағы ең үздік 101.4 фмім.
Құттықтайық туған күнін толқының,
Бізді ылғый ән әлемде тербейтін.

0
0
450