Ғашықтық дәптері
Көргің келсе сезімімнің дәптерін,
Ұсынайын ынтықтықтың беттерін.
Тек абайлап, байқап ашқын парақты,
Үркітпестен ақ қанат құс кептерін.
Дәптерге толық жазылмас жүрек жыры,
Арасында болған соң парақ қыры.
Тек жүрекпен сезінер ғашық адам,
Жазылғанда ғашықтық өлең сыры.
Өлең болып жаралса сезім менде,
Ықылас пен бар ойым болар сенде.
Ғашық болып ынтықса жүрегімен,
Сән береді жалғанға сүйген пенде.
