Күрең күз қайта күтеміз
Қош енді қош күрең күрең күз,
Жазды да қуып келгенсіз.
Сырларды ашпай түнеріп,
Тамшыңмен жуып кетпексіз.
Қош енді қош күрең күз,
Күрең күз бізге керексіз.
Жаздайғы еңбек табысын,
Келгенде бізге бермексіз.
Қош енді қош күрең күз,
Түнеріп әрең жеткенсіз.
Қарайып ылғый сұрлана,
Жасыңды төктің үнемсіз.
Қош енді қош күрең күз,
Қалмайсың мүлде елеусіз.
Тойлаймыз ылғый өзіңді,
Келгенде бізге күзде сіз.
Қош енді қош күрең күз,
Кетесің енді білеміз.
Сыйлайтын шабыт ақынға,
Күрең күз қайта күтеміз.
