Мазмұнға өту

Жаңа

Айтатын саған сырым бұл

Ертеңім менің бұлыңғыр.

Әлсіреп, дымым құрып жүр.

Адасып менен кеткен бе?

Айналайын құлын-жыр.

Айтатын саған сырым бұл,

Бастаудың мұздай суымен

Мерт бола кетсем жуындыр.

Өртенген жанды суындыр.

Ерте келіп,ерте өліп,

Шарамды таусып,төңкеріп,

Кетем бе деп қорқамын,

Өз отыма өртеніп.

Бұлақтың мұздай суымен

Жуындыр мені, жуындыр.

Қауышып жаным жырыммен,

Алайын сосын тыным бір...

0
0
785

Астанада тағы 28 аялдамада кітап жүктеп алуға болады

Елордада автобус аялдамаларында QR-коды бар интерактивті баннерлер үш тілде пайда болды, олар Астана қаласының «Astana – Bilimland» онлайн-жобасы аясында пайда болған деп елордалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.«Astana – Bilimland» жобасы Рухани Жағңғыру бағдарламасының аясында іске қосылды. Ол бүкіл кітап қорын, соның ішінде көркем және ғылыми әдебиеттерді цифрлау және қамтуға бағытталған. Коммерциялық емес жобаны «WikiBilim» қоғамдық қоры қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асыруда.Ұлттық аударма агенттігінің атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуынша, ұқсас баннерлер еліміздің басқа өңірлерінде де жұмыс істейді.«Баннерлер қоғамдық орындарда: емханаларда, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында кітапханаларында орнатылған», - деді Рауан Кенжеханұлы.Оның айтуынша, «Astana…

1
0
652

Бақытты болу үшін қанша ақша қажет?

Мамандардың мәліметінше, әлем бойынша ең тиімді орташа жалақы - жылына 95 мың доллар. Алайда эмоциялық теңдік үшін жылына 60-75 мың доллар да жеткілікті екен. Ал балалары бар отбасыларға көбірек ақша қажет, десек те бұл отбасы мүшелерінің санына қатысты емес.Мысалы аустралиялықтарды алсақ, бір адамға жылына 125 мың доллар, ал Солтүстік Америка тұрғындарына - 105 мың, Батыс Еуропа - 100 мың доллар қажет екен.Шығыс Еуропа тұрғындарына бақытты болу үшін жылына 45 мың доллардан аз таппаса болды, Оңтүстік Америкада одан да аз - 35 мың доллар.Gallup консталгингтік компаниясының дүниежүзілік рейтингі жалақы деңгейі мен өмірге көңілі толу сезімін байланыстыра келе, адам қаншалықты көп табыс тапса, соншалықты бақытты болады деген тұжырымға келіп отыр.Ал психологтар қаншалықты көп ақша тапсақ, қала…

1
0
467

Адасқан шағала

Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,

Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.

От-суы мол осынау байтақ алқап,

Сая болған батырға, патшаға да.

Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.

Қимай мені келдің бе туыс санап?

Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,

Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.

Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,

Аялайды, әлдилеп мидай далам.

Толқынға қонақтаған ерке-тотай,

Толқынсыз қара суға қимай барам.

Кім екен саған еткен зорлық, қысым,

Адасқан Атыраудан зарлықпысың?

Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.

Адасқан Отанынан зарлық құсым.

Қонбасыңды білемін қыр басыңа,

Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.

Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,

Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...

0
0
744

Ғалымдар ісік ауруын қоздырушы тағамдарды анықтады

Франция мен Бразилиядан келген ғалымдар тобы жоғары деңгейдегі өнімдерді пайдалану мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы байланысты анықтады. Бұл туралы MedicalXpress порталына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.Нан және тағамдар, газдалған сусындар, қант, жартылай фабрикаттар және қайта жасалған ет өнімдері, қанты бар жүгері қоспалары «өте өңделген» деп саналады. Мұндай азық-түлікте қант, май және тұз көп, бірақ витаминдер мен талшықтарға кедей.Ғалымдар мұндай өнімдерді пайдаланудың және кеуде, ішектің және простата қатерлі ісігінің өзара байланысын талдады. Мұны істеу үшін олар орташа есеппен 43 жастағы 104 980 ер және әйел адамға зерттеу жүргізді. Оларға кем дегенде екі тәулік бойы онлайн-сауалнаманы толтыру сұралды. Сұрақтар 3300 түрлі тағам өнімдеріне қатысты. Сонымен қатар,…

0
0
374

1 наурыздан бастап Алматыдағы Beeline абоненттері автобустарда 1 теңгемен жүреді

1 наурыздан бастап «Beeline Қазақстан» компаниясы қоғамдық көлікте жолаушылар тек 1 теңге ғана төлейтін акцияны іске қосады. Бұл туралы Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендз мәлімдеді.Акцияның басталуына екі апта қалғанда, Веб-торапта түсіндірмелер салынған плакат пайда болды, алайда Beeline әзірге сервис жұмыс істемей тұрғандығын ұмытпауды сұрайды.«Алматыда қоғамдық көліктерге қатысты 1 теңгеге акцияны сипаттайтын плакаттың электронды нұсқасы Интернетте бізге екертілмей таратылды. Қазіргі уақытта біз Алматы қаласының тұрғындары арасында «Beeline» мобильді қаржылық қызметтерін пайдаланудың артықшылығы туралы ақпараттандыруға бағытталған осы жарнамалық кампанияға дайындықты аяқтаймыз», - деп хабарлайды Informburo.kz.Постерде жолаушылар осы қызмет…

2
0
584

Қазақстанда 9 мың сайт бұғатталды

«Өткен жылы лаңкестік, экстремизм, зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін тоғыз мыңға жуық веб-сайт жабылды, 230 мыңдай материалдар жойылды», - деді министр.

Министр 2017 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 137 елдің ішінен 36-орынды иемденіп, интернет-пайдаланушылар саны бойынша бес пунктке көтерілгенін атап өтті.

Интернетті пайдаланушылар саны жалпы халық санының 77 пайызын құрады (2016 жылға қарағанда 4 пайызға өскен). Министрдің пікірінше, 2018 жылға жоспарда желі пайдаланушылары үлесін 78 пайызға дейін арттыру.

0
0
353

Өлең

Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?» – демейтін Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнімнің қаны, Тіршілігім сенімен. Ойландым – тоймадым, Іздедім – қоймадым, Кеңес біраз менімен. Естісе сені – жан иір, Бағаң білмес көп сиыр!

0
0
534

Қасымды қабылдамаған адам хақында

Кез болатын наурыз айы сән құрған, Дала жатты есі шығып жаңбырдан. Сол далада... жол үстінде бұралаң Жасы алпыстың әуізіне құлаған Машинаға қол көтерді бір адам.Қиял құсы қалықтап, Шат сезімі шарықтап өңіндегі Жүргізуші ерекше көңілді еді. - Көрші ауданға жеткізсең, ұлым, мені, Шексіз алғыс айтар ем күні ілгері, - Деп жолаушы қулана күлімдеді.- Жырақ әрі шет екен қонысыңыз, Сізге кінә тақпайық ол үшін біз. – Жүргізуші күлімдеп есік ашты: - Қартты сыйлау - қашанғы борышымыз.Ұзақ жүрдік. Жол шеті көрінбейді, Керім дала қасарып берілмейді. Сыр тартыспақ болсақ та одан-бұдан, Әңгімеміз шашырап өрілмейді.Дәрігердей іздеген жүрек емін, Кенет жерден тапқандай тілегенін. Жүргізуші көзінен от ұшқындап Жатка соқты Қасымның бір өлеңін.Лезде дәмді аузының тұзы құрып: - Ә, Қасым ба, - деді шал тыжырын…

0
0
993

Ұшақ үстіндегі ой

Шаңқай түсте, Яки нұрлы ақ таңда, Нән ұшақпен самғап бара жатқанда, Көз салсаңыз төменге: Біртегіс боп көрінеді жыралар, Тереңінде жыланы бар ұралар, Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Бұққан сансыз құпиялы ойларға, Біртегіс боп көрінеді сайлар да. Біртегіс боп көрінеді Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен, Сәулет беріп жатқандай далаға кең. Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды Сырт көздерден бүркелеп қалады екен. Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп, Назарымды жан-жаққа шашып жүріп, Байқамаппын жаныңның жыраларын, Жылан бұққан зымыстан ұраларын. О, тағдырым, Тірек бол тілегіме, Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен, Қас пен достың қажырлы жүрегіне Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер! Ал егер мен жақыннан қателессем, Жақын келген бақытқа қуанбасам, Жақын тұрған биікке…

0
0
553