Мазмұнға өту

Жаңа

Сіз туралы жеке мағлұматтар қаншалықты жеке?

“Жеке деректер туралы және олардың қорғалуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының ең үлкен кемшіліктерінің бірі жеке деректерге қатысты нақты тұжырымдаманың жоқтығы, жазылғандығы”, - деді Олег Чернов.Тегі мен аты сияқты әдетте белгілі жеке деректер бар. Сондай-ақ белгілі бір ұйымдардың жабық қолжетімділігінде деректер бар. Мысалы, әділеттілік, құқық қорғау органдары, банктер - бізде банк шоттары бар және т.б. Бұл жалпыға қолжетімді емес ақпарат. Деректерді жариялау үшін қылмыстық жауапкершілік бар, бірақ дәл солай - заңда айтылмаған. Яғни біреу менің атымды, атын және әкесінің атын жариялайды, ал біреу маған қандай меншікке ие екендігі туралы ақпаратты ашады. Олардың екеуі де жеке деректерге қатысты, алайда қандай да бір мәліметтер заңға сәйкес анықталған жауапкершілікке қол жеткі…

2
0
766

Аласарып Ай батқан

Аласарып Ай батқан

Ай батқанда, аймаққа,

Жұлдыз шоғын жайнатқан.

Аумайды бір құс жолы,

Ақтарылған қаймақтан.

Көкжиекте таулардың,

Көтерілсе түңлігі,

Баурайдың да, бар маңның

Көрінеді кіндігі.

Бастарында Мұзарттың,

Ағараңдар сәлдесі.

Түнгі сапар ұзақ тым,

Бір құдайдың әуресі.

Көзіңе ұйқы байланып,

Қалғытады бір демде.

Түні бойы айналып,

Жүргендейсің бір жерде.

«Шәйі орамал бір байлап...»

Шыдамадым, өн салдым.

Жұлдызды аспан тұр жайнап,

Кеудесіндей маршалдың

0
0
484

Дипломды талап етпейтін жалақысы жақсы мамандықтар

Солардың біразын назарларыңызға ұсынамыз:– Слесарь-сантехник. Бұл мамандықты арнайы колледждерде оқытады. Бірақ білікті жас мамандарды табу қиын. Сондықтан қазір осы мамандыққа сұраныс жоғары. Істеген қызметіңізге алатын еңбекақыңыз да аз болмайды. – Дәнекерлеуші. Бұл мамандықта табыс көп екенін көбі мойындайды. Егер металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе, күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс табуыңызға болады. Тапсырыстарды olx-тен де іздеуге кеңес береміз. Егер дипломы бар әрі біліктілік разряды жоғары маман болсаңыз, 200-300 теңге айлық төлейтін заводтарға қызметке тұра аласыз.– Кафельші. Олар көбіне ұйыммен емес, жеке жұмыс істейді. Табатын табысы да аз емес. Әр шаршы метріне 3 мың теңгеден бастап ақы төлейсіз. – Ағаш ұстасы. Бұл салада орта және жоғары білім оқу ордаларында берілсе де, б…

1
0
1177

Айығып келем

Айығып келем, айығып келем бәрінен.

Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен.

Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,

Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.

Сауығып келем, жинап та келем есімді.

Сағынып қалдым, саламат өмір кешуді.

Тағат таппастан, тартамын алға көшімді,

Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.

Қиын ғой Қиын...көшіңді жолға доғарған,

Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,

Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -

Сол арман, жалындап тұрып,

Өртеніп кетсең, жоқ арман!

0
0
578

Ер-азаматтар қауымын 23-ақпан мерекесімен қалай құттықтауға болады?

Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт ер-азаматтарымыз аман болсын! *****Тағдыр мынау бір сүріну, бір құлау, Өзі-ақ салар мойыныңа қыл бұрау. Шала берме аяғынан еркектің, Еркек деген құдірет қой құрбым-ау. ***** Еркек деген нәзіктікке жақын ел, Тек оларға бірақ нәрсе ақыл ем. Банка қойғын тырысса егер арқасы, Бас тырысса әкеп бергін похмель. Отбасында болсын десең дұрыс хал, Ашуланба долданбағын дұрыстал. Еркек деген қанша мықты десек те, Бір-ақ рет морт кететін хрусталь. ***** Еркектерді аялау да, әлпештеу де ерсі емес, Өйткені ол келіп-кетер құдаң емес, көрші емес. Еркек деген қара табан, қара жаяу жүрсе де, Еркек деген шестисотый мерседес. *****Аялап аға жүрер қарындас деп, Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп. Інің жүре…

0
0
4308

Ақиқаттың ауылы

Жол қайда ақиқатқа апаратын?

Ел қайда ақиқат деп аталатын?

Айлакер, арамзалар, алаяқтар,

Аяғы көктен келіп, маталатын?

Сол елде адамға адам - дос бауыр ма?

Адамға ақ жанынды тосқанынща,

Ақ көңілдер тоғысып, ақ арнада,

Аға ала ма, кездеспей тосқауылға?

Шомылып ақиқаттың өзенінде,

Шыныға ма, шындықтың өз елінде?

Жалғыз түйір арамдық жоқ та шығар,

Адамдардың санасы, өзегінде?

Атыменен жоқ болар өсек деген,

Қылға тізіп қылтанақ есептеген?

Атпайтын да шығар-ау бірін-бірі

Оқпен, таспен немесе кесекпенен.

Алауыздық әкелген адамдарға,

Онда орын жоқ шығар арамдарға?

Бар болса егер, сүреді қайтіп өмір,

Ақиқаттың сүңгісі қадалғанда!

Ақиқаттың ауылы - Ұлы Отаным.

Атқызып тұр шындықтың құла таңын.

Ақиқаттың жолынан тайып кетсем,

Алдьіна кеп жүгінем, сынатамын...

He десе де Ұлы Отан ұнағамын.

0
0
944

Тамара Дүйсен “Нұр Отан” партиясының хатшысы болып тағайындалды

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті", - делінген хабарламада.Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді."Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу "Нұр Отан" партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін", - деді Мәулен Әшімбаев.Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан обл…

0
0
924

Жалаң аяқ қыз

Төпеп тұрған нөсерге қарамай-ақ,

Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ.

Жалтыраған әдемі топылиын,

Кім біледі, жауыннан барады аяп.

Ойнақтаған далада қара көзім,

Еске түсіп кетті ме бала кезің?

Елең қылмай ешкімді барады өзі,

Жалаң аяқ жүргендей дала кезіп,

Еркін ұстап елігім барады өзін.

(Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне.)

Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.

He келді екен сайтанның зердесіне?!

Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаң аяқ жастығым келді есіме!

Қара да тұр, қайтесің, қара да тұр,

Бұлаң еткен бұл сурет қалады ақыр.

Жалаң аяқ... Балтыры жалт-жұлт етіп,

Ғайып болып жастығым бара жатыр.

2
1
1224

Жалғызым...

Адамның бақыты неде? Қалтасындағы толы қаражатында болар. Тіпті, бәлкім, тамаша сарайдай үйінде, соңғы шыққан автокөліктерінде, жоғары лауазымды қызметінде ме? Жоқ! Ақша, байлық, дүние - адамға өткінші бақыт сыйлағанымен, толықтай бақытқа бөлей алмайды. Егер бұл сөздермен келіспесеңіздер ары қарай оқымай-ақ қойсаңыздар болады) Менің бақытым - жақындарымның амандығы, дендерінің саулығы екендігін өмірімде болған жайттардан кейін барып түсіндім. Адамның өмірі қандай да бір кино туындысы іспеттес. Аяғында не болары белгісіз. Мүмкін хэппи энд, я болмаса трагедия. Менің өз жалғасын тауып келе жатқан өмірімде де қуаныш пен қайғыдан жылаған күндер қатар өтті. Енді ойлап қарап отырсам, сол күндердің себепкері тек жаныма жақын адамдар. Олар саусақпен санарлық қана. Ал маған алдамшы бақыт сыйлаған м…

0
0
1795

Тұрғын үй бағасы төмендейтін болады - Байбек

Алматыда 900-ден астам апатты үйлер мен 8,5 мыңнан астам отбасы 30 шаршы метрден аз пәтерде тұрады. Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.Қала әкімі депутаттардың, жұртшылықтың және тұрғындардың қатысуымен Әлгабас, Шаңырақ, Сайлы және Сүлейменов көшелері бойындағы шағын аудандарда 30-дан астам үй тексерілгендігін айтты. Талапқа сай емес жасаған әзірлеушілердің лицензиялары алынады, айыппұлдар салынды."Туркісіб тұрғындары бізге 400-ден астам отбасы тұратын апатты үйлер туралы сұрақтар қойды. Біз жүйелі талдау жасадық. Бүгін Алматыда осындай 900-ден астам үй бар және 8,5 мың отбасы ауданы 30 шаршы метрден аз пәтерде тұрады", - деді Байбек.Оның айтуынша, жаңа құрылысқа Алматыда бос жер жоқ, немесе оның бағасы экономикалық тұрғыдан ақталмайды.“Елдің президе…

0
0
708