Мазмұнға өту
Дневники

Дневники

1 301 жазбалар435 тіркелуші

Ваши личные воспоминания, интересные моменты из жизни

У казахов есть такая поговорка "Жақсы сөз - жарым ырыс"

Мы, люди, порой не замечаем очевидных вещей. К примеру, направо и налево можем раздавать советы о том, как правильно и верно (конечно, с точки зрения говорящего) жить, что стоит и не стоит делать, с кем можно иметь дело, а с кем вообще не стоит связываться и т.д. Но часто забываем, что у каждого своя голова на плечах, а нам самим стоило бы позаботиться в первую очередь о своем благе, о своем внутреннем состоянии, так сказать, состоянии нашей души, наших помыслов...У нас есть очень хорошая поговорка "Жақсы сөз - жарым ырыс". Жизнь нам на то и была дана, чтобы мы приумножали блага, которыми окружены. А мы в повседневной суете зачастую идем наперекор себе: хотим счастья, но делаем все, чтобы отдалиться от него как можно дальше; хотим здоровья, но не следим за своим питанием и злоупотребляем…

3
0
840

Тамшыдан үлгі алған шәкірт

Қатты намыстанған шəкірт «менен түк шықпайды» деп ешкімге айтпастан медреседен қашып кетеді. Жол бойы тоқтамай жүріп, шаршап-шалдығап келе жатқан бала үңгірге кезігеді. Ол осы жерде сəл аялдап, демалмақшы болады. Қоңыр салқын үңгірдің ішінде жантая қалып, көзін жұмғаны сол еді, алыстан еміс-еміс тамып тұрған судың дауысын естиді. Қызығушылығы бойын жеңген жас бала үңгірді аралап, бір бұрыштан тамшылап тұрған суды көреді. Бір қызығы тамшының түскен жеріндегі тас кəдімгідей ойылып қалған екен. Кішкене ғана тамшының тастың үстіне асықпай барып құлағанын тамашалап тұрған шəкірт аң-таң болады. Қалайша тамшы тасты ойып тастаған? Бұл іске қарап отырып жас бала тынымсыз, тұрақты еңбектенсе өзінің де тасты ойған тамшыдайын түбінде нəтижеге қол жеткізетініне сенімі артады. Кейіннен осы шəкірт үлкен…

1
0
591

Көңіл толқыны

Мәңгілікке... -Мен Достықтың мекенжайын сұрап алып, іздеп бардым. - Не деді? - Қуанып қалды. Жалғызсырап жүр екен. Әңгімелестік, сырластық. Көңілім арайланды. Достығымыз өле-өлгенше болсын деп серттестік. - Сосын? - Сосын Бәсекелестің есігін қақтым. - Қалай қарсы алды? - Күлді. Өтірік. Төрін ұсынды. Шықтым. Бәрін алдыма жайып салды. Үйінің асты-үстін, бар байлығын, ақша толы сандығын көрсетті. Таң қалдым. Бірақ үйінен бір кітап таппадым. Күйіндім. Есігін тарс жаптым. Маған бәсекелес болуға жарамайды екен. - Сосын? - Сосын Қызғаныштың ауылына жол тарттым. Қызғаныштың ауылы қып-қызыл болып булығып тұр екен. Мені көріп селт етіп, көздерін ашты бәрі. Сөйлеспеді. Ауылды аралап шығам дегенше, айнала ор қазып тастапты. Бір-ақ секіріп өттім. Олар мені Бақыттың ауылына дейін қуып келді. - Ойпырмай…

0
0
1291

Мен өзгердім.

Менің байқағаным, көп жағдайда көңіл-күйім жоқ кездерде ғана жазба жазады екенмін. Сіздерде де солай ма? Жазба деп айтқаныммен, бұл жерде көп ештеңе де жазып жүрген жоқпын. Бірақ жазғандарымның барлығы менің шын болмысым деп білгейсіздер. Бұл жерде барлығы шынайы... Неге шын өмірде адамдар шындық пен шынайылықтан қорқады екен. Сол адамдардың қатарында мен де бар болғанмын. Өзімді жоғалтып, енді таптым десем де болады. Жазбамның тақырыбы "Мен өзгердім", өзгергенім жоқ, бұрынғы шынайы қызды таптым, бойыма қайтардым. Балалығымда қалып қойған ерке қыз оралды, ол ерке қыз қайда кетіп еді? "Өмірдің қиындықтарын көріп, еркелігін қойып, өзінің жүрегінің түкіпірінде тығылған еді, ол айналасына басқаша қарауды бастаған еді, адамдарға сенбеуді, жақындарын ренжітпеуді, таныс емес жандармен достық қар…

0
0
3331

Өзгерістер

Көктемнің алғашқы айынан бері жазба жазып, ой бөліспегенімді бүгін ғана, қоңыр салқын ауа райы басып, күз түскенде, байқап отырмын. Жаз бойы естен кетпестей демалып, көңіл көтердім деп жазады қазір деп ойлап жатсаңыздар, сіздердің өкініштеріңізге немесе қуаныштарыңызға орай, биылғы жазда ондай демалыстың сәті түспеді. Дегенмен де игі істер жасалынып, жаңа бастамаларға жол ашылды, кейбір маңызды жұмыстардың орындалуында жоқ жерден кедергілер шығып қалып, үлкен мақсатым жүзеге аспай қалды. Бірақ болмайды-ау деп жүрген істерім тез-ақ іске асып, өмірімді өзгертті десем де болады. Бұның барлығын жазып отырған себебім, әркімнің Жаратушы сыйлаған өмір жолы мен маңдайға біткен тағдыры бар. Оны өзгертем деп ұмтылсаңыз одан бетер өміріңізді қиындатып алады екенсіз. Маусым айында үш аптадай пәтерімн…

1
0
758

Жалғызым...

Адамның бақыты неде? Қалтасындағы толы қаражатында болар. Тіпті, бәлкім, тамаша сарайдай үйінде, соңғы шыққан автокөліктерінде, жоғары лауазымды қызметінде ме? Жоқ! Ақша, байлық, дүние - адамға өткінші бақыт сыйлағанымен, толықтай бақытқа бөлей алмайды. Егер бұл сөздермен келіспесеңіздер ары қарай оқымай-ақ қойсаңыздар болады) Менің бақытым - жақындарымның амандығы, дендерінің саулығы екендігін өмірімде болған жайттардан кейін барып түсіндім. Адамның өмірі қандай да бір кино туындысы іспеттес. Аяғында не болары белгісіз. Мүмкін хэппи энд, я болмаса трагедия. Менің өз жалғасын тауып келе жатқан өмірімде де қуаныш пен қайғыдан жылаған күндер қатар өтті. Енді ойлап қарап отырсам, сол күндердің себепкері тек жаныма жақын адамдар. Олар саусақпен санарлық қана. Ал маған алдамшы бақыт сыйлаған м…

0
0
1674

Қаңтардағы қызыл гүл...

Тереземнің арғы бетіндегі аппақ қардың арқасында терезе жақтауында тұрған қызыл гүл маған ерекше ыстық болып көрініп тұр. Адам атаулы да сондай ғой. Оның қоршаған ортасы қандай болса, сырт көзге сол іспеттес болып көрінеді. Дегенмен әркімнің өзінің іште жатқан құпиясы, жеке сұлулығы мен дара мінезі бар. Ал осы қасиеттерді көріп, бағалай білген, оны қабылдай алған адамдар ғана қаңтарда түскен таза ұлпақ қарлар сияқты. Иә, олар да кейін жоқ болады. Өмірде ештеңе мәңгі емес. Сіз ойлаған таза махаббатыңыздың ыстық жалыны уақыты келгенде қызыл шоққа айналып, соңында күңгірт рең тартқан күлге айналады... Жолдасқа теңеп жүрген досыңыз (барлығы демеймін) өз мүддесін ойлап, ту сыртыңнан алдап кетуі де мүмкін. Бала күндері ерекше иісімен есте қалған әжеңнің қараша үйі де бүгін аңырап бос қалуы мүмк…

2
4
4346
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз