Келін түскенде орындалатын дәстүрлерді білесіз бе?
«Сүйінші! Өмірге кестетігер келді! Дүниеге ханшайым келді!» — деп ел-жұртты шаттандырып, әулетті мақтаныш сезімі билеп, әкесі мен анасына қуаныш сыйлаған сүйінші хабар қыз баланың туылғанын білдіреді. Әрине, қыз – өрісің, қонағың, байлығың, қамқоршың, көмекшің, жанашырың. Барлық мейіріміңді төгіп мәпелеп, алақаныңда аялап өсірген қызың талай күндерді артқа тастап, бойжеткенде басқа елдің келіні болады. Барған елі мен өз елінің алтын көпірі атанады. Жаратылысы қандай нәзік болса, иығына артылған жүк сондай ауыр болмақ. Бауыржан Момышұлы атамыздың өзі қызды жер бетіндегі ең батыр адамға теңеген. Елді жаудан қорғаған батыл жүрек Бауыржан атамыз: — Жер бетіндегі ең батыр адам – қыз, деген. Оның мәнісін сұрағандарға былай деп жауап беріпті: — Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде б…