Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болат Исақов Орал қаласындағы Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

2019 жылдың 16 қаңтарда Орал қаласында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған шараның салтанатты ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б. Исақов қатысты.

Орталықта аптасына алты күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс жасайды. Ол жерде кез келген адамға өз білімін шыңдауға мүмкіндігі бар.

Цифрлық ХҚКО – бұл заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі. Мұнда азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қол жеткізу пункттерінің, «ConnectionPoint» өз-өзіне қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ, оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шындай алады.

Бұл – операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа форматы.

Цифрлық ХҚКО Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81 мекенжайында, 1 қабатта орналасқан.

0
0
559

Осы тақырып бойынша

Болат Исақов Орал қаласындағы Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты - Yvision.kz