«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық топтарына «Smartmethod»әдісі туралы түсіндірілді
2019 жылдың 16 қаңтарында БҚО маслихатының кіші мәжіліс залында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының сапалы, әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жобаны іске асыратын жобалық кеңсенің, жобалық топтардың кезекті отырысы өтті.
Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгенттігініңБҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов жобалық топтардың мақсаты мен қызметін түсіндірсе, БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы С.Нұртазаев ашық әкімдік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру туралы ақпараттандырды.
Жоба басшысы О.Насимуллин жобалық топ мүшелеріне «Ақжайық – адалдық алаңы»жобасының алға қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.
Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалыныңдиректоры Ж.Даухарин қазіргі заманда технологиялар мен басқару әдістері тез өзгеруіне байланысты мәселелерді «Smart method» жолымен шешуге болатындығы жөнінде жиынға қатысушыларға түсіндірді.
