Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет мәселелері және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы жөнінде брифинг

2019 жылдың 17 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР МҚІСЖҚА БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова, «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы О.Ж.Насимуллин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифингте мемлекеттік қызмет мәселелері және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы талқыланды.

Өз баяндамасында Венера Масимова бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы бойынша 450 мемлекеттік орган қызмет атқаратындығын айтып өтті.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 4405 бірлік, нақты саны – 4149.

2018 жылдың басынан 486 жұмысқа қабылданған қызметшілерге сынақ мерзімі қойылған, оның ішінде 317 сәтті өтіп, 169 жалғастыруда.2018 жылы тағылымдамадан 210мемлекеттік қызметші өтті.

Жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік органдармен 2065 бос лауазымға конкурс өткізілді.Конкурсқа 2170 үміткер қатысып, олардың ішінен 1156-і (53,3%) жеңімпаз болып танылды.

Конкурстың ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларына байқаушылар қатыстырылды, үлесі 83,9%-ды құрады.

2018 жылда әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына түсу үшін заңнамаларды білуге арналған тестілеуге 2404 адам қатысып, 43%-ы тестілеуден сәтті өтті. Құқық қорғау қызметіне түсуші 1743 адамның 39,4% тестілеуден сәтті өтті.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары.

Өз кезегінде, «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Орынбек Насимуллинжобасының мақсаты – Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру екендігін атап өтті.

Сөзінің соңында жоба басшысы жобалық кеңес аясындағы сарапшылық топтың құрамына енуге, тұрмыстық жемқорлықты жою еліміздің әр азаматының міндеті екенін ескеріп, кеселмен бірге күресуге шақырды.

0
0
551

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет мәселелері және «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы жөнінде брифинг - Yvision.kz