Мазмұнға өту

Жаңа

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына «қатаң сөгіс» жарияланды

Биылғы Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы ірі шенеунікке қатаң сөгіс жариялаудан басталды. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалдығұл Серікке қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру бойынша, агенттіктің аумақтық департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Ахат Далабаев баяндама жасады.Тәртіптік істің қозғалуына басқармаға жалпы конкурс арқылы қабылданған бір топ жас мемлекет қызметшілердің ұжымдық арызы себеп болған. Өтініш иелері басқармаға жалпы конкурс қорытындылары бойынша бас маманның міндетін атқарушы болып қабылданғандарын және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі тексеріс жүргізуі барысында құжаттарының арнайы тексеруге жолданбағанын көрсеткен. Жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында арызда көрсетілген дерек…

0
0
890

Компания спортшыларының қанжығасы майланды

Ақпанның 1-3 аралығында Павлодар облысының Ақсу қаласында орналасқан Ақсу ферроқорытпа зауытының спорттық кешендері базасында баскетболдан халықаралық жыл сайынғы турнирі және шахмат пен үстел теннисі бойынша республикалық турнирлері өткен. Спорттық шара Ақсу фероқорытпа зауытының кәсіподағының мұрындығымен жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараға біздің компания спортшылары да атсалысты. - Біздің спортшыларымыз жақсы өнер көрсетіп, компанияның жеңістер сандықшасын екі екінші орынмен және бір үшінші орынмен толықтырды, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтер кәсіподағының спорт жөніндегі нұсқаушысы Серік Дүйсекеев.Сергей Колегаевты еске алуға арналған ерлер командалары арасындағы баскетболдық турнирде біздің спортшыларымыз екінші орынды иемденді. Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіподағыны…

0
0
421

Брифингте мемлекеттік қызметшілердің үстеме мәселесі қозғалды

2019 жылдың 5 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.М.Мұратов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ төрайымы А.О.Есекенова БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.Брифингте мемлекеттік қызметшілердің үстеме мәселесі талқыланды.Өз сөзінде Жақсат Мұратов Департаментпенмемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу фактілерін болдырмау мақсатында, облыс аумағындағы мемлекеттік органдарға, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және уәкілдермен біріккен профилактикалық түсіндіру іс-шаралары өткізілгендігін атап…

0
0
548

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесі облыстық радионың тікелей эфирінде талқыланды

2019 жылдың 4 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақлау басқармасының басшысы Жақсат Мұратұлы Мұратов облыстық радионың «Уақыт тынысы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама барысында ол мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтауды бақылау, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде айтты.

Сондай-ақ, ол радиотыңдармандарын 2018 жылдың жұмыс қорытындысымен таныстырды.

0
0
394

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту азайған

Мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартуға болмайтындығы бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде, бүгінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері азайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының тауарларды жеткізу бойынша бақылау бөлімінің жетекші маманы Асылбек Қалмақбай, автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы айтарлықтай азайғанын айтады. «Мен 2016 жылы «Yessenov Univercity» оқу орнын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Маңғыстау облы…

0
0
536

БҚО-да этно-мәдени бірлестіктер өкілдеріарасында Ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды

2019 жылдың 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасының жобасын қоғамдық талқылау отырысы өткізілді.Шараға Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, этно-мәденибірлестіктер және саяси партиялар өкілдері, БАҚ пен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өткізілді.А.Жұбаныш алғашқы сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы жасақталып, жарияланатындығын мәлімдеді.Ол Ұлттық баяндаманың мақсаты – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тиімді талдау, сыбайлас жемқорлық…

1
0
541

Әдеп нормаларын сақтау бағытында бас қосқан жиын

Маңғыстау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарова Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы органдары және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті.Нұргүл Алмасқызы әдеп жөніндегі уәкілдердің назарына қазіргі таңда қоғам тарапынан азаматтардың тұрмыстық, әлеуметтік мәселелеріне қатысты оның ішінде әлеуметтік желілерде арыз-шағымдар күрт өскендігін, бұл жағдай жергілікті атқарушы органдарға деген тұрғындардың сыни көзқарасын тудыратынын жеткізді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың әрбір өтінішіне мұқ…

1
0
755

Қоғам өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жобасын талқылады

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалының базасында Агенттіктің аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарованың, Академия филиалының басшысы Айгүл Демеуованың және филиал ұжымының, қоғам өкілдерінің және арнайы мониторингтік тобы мүшелерінің қатысуымен 2018 жыл қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды.Ұлттық баяндама жобасын талқылау барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов баяндаманың Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қазіргі кезеңдегі жүйелілігі, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, осы мәселелер бойынша алдын-алу шаралары…

0
0
467

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Нұротан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова, Смағұл Бахытбек, Геннадий Шиповских, Шавкат Өтемісов, Шаймардан Нұрымов және Уәлихан Қайназаров Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, әдеп жөніндегі уәкілдер, арнайы мониторинг тобы өкілдері және мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Сонымен қатар, шараға Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев, «Нұр Отан»…

0
0
672