БҚО-да этно-мәдени бірлестіктер өкілдеріарасында Ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды
2019 жылдың 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасының жобасын қоғамдық талқылау отырысы өткізілді.
Шараға Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, этно-мәденибірлестіктер және саяси партиялар өкілдері, БАҚ пен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
А.Жұбаныш алғашқы сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы жасақталып, жарияланатындығын мәлімдеді.
Ол Ұлттық баяндаманың мақсаты – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тиімді талдау, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жағдайы мен таралу дәрежесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мен алдын-алу шаралары болып табылатындығын атап өтті.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделі мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру арқылы жүйелік реформалауға, құқық қорғау және сот жүйесіндегі заңның үстемдігі, ашықтық пен айқындық және есеп берушілік қағидасына негізделіп отыр.
