Брифингте мемлекеттік қызметшілердің үстеме мәселесі қозғалды
2019 жылдың 5 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.М.Мұратов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ төрайымы А.О.Есекенова БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Брифингте мемлекеттік қызметшілердің үстеме мәселесі талқыланды.
Өз сөзінде Жақсат Мұратов Департаментпенмемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу фактілерін болдырмау мақсатында, облыс аумағындағы мемлекеттік органдарға, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және уәкілдермен біріккен профилактикалық түсіндіру іс-шаралары өткізілгендігін атап өтті.
Жүргізілген іс-шара барысында Департамент қызметкерлері арнайы мониторинг топ мүшелерімен, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және қоғамдық ұйым уәкілдерімен бірге 117 мемлекеттік органға барып, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан кейін жұмыс орнында кідіруі бойынша 22 фактісі анықталса, оның 16-ы өздерінің лауазымдық міндеттерін мемлекеттік орган басшысының үстеме жұмыстарға тарту туралы тиісті бұйрығына сәйкес атқарғаны,қалған 6 факті бойынша үстеме жұмыстарға тарту туралы жұмыс берушінің актісі мен жұмыскердің жазбаша келісімдері болмағаны мәлім болды.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға икемді жұмыс уақытын енгізуді ұсынылуда. Яғни, икемді жұмыс уақытын енгізу, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің отбасына, балаларына уақыт бөлуіне өз септігін тигізеді. Мысалы айтқанда, егер мемлекеттік қызметшінің балабақшаға, мектепке баратын балалары болған жағдайда және оларды сол балабақшаға мектепке апаруға үлгермейтін жағдай туындаған кезде, ол мемлекеттік орган басшысына жазбаша өтінішін білдіріп, оған бөлек 8 сағаттық жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Сол секілді мемлекеттік органның қажеттілігіне байланысты икемді жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Бүгінгі күні икемді жұмыс уақыты облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының бір қызметкерінің өтініші негізінде бекітілген.
Өз кезегінде, Айгүл Есекенова департаменттарапынан, мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылу мәселесіне қатысты үнемі мониторинг жүргізіліп, оның жолын кесу бойынша дәйекті шаралар қабылданып жатырғандығын атйтып өтті.
