1000 адам жеңілдетілген әлеуметтік қызмет алды
Мыңдаған ақтөбеліктер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазпочта» АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды. Бүгінгі күні әлеуметтік карталар 25 мыңнан астам қала тұрғынына, оның ішінде мектеп оқушыларына берілді. Олар әлеуметтік төлемдер алуға, қоғамдық көліктерде жол жүру және мектепте тамақтану ақысын төлеуге арналған. Төлем кезінде иесінің жеңілдік санаты ескеріледі. Сонымен қатар, жобаны іске асыру кезеңінде карта ұстаушылары 16 мыңнан астам транзакция жасады. Бұл ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру, қоғамдық көлікте жүру, мектептерде тамақтану және басқа да төлемдер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Естеріңізге сала кетейік, «Аз…