Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1000 адам жеңілдетілген әлеуметтік қызмет алды

Мыңдаған ақтөбеліктер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазпочта» АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды. Бүгінгі күні әлеуметтік карталар 25 мыңнан астам қала тұрғынына, оның ішінде мектеп оқушыларына берілді. Олар әлеуметтік төлемдер алуға, қоғамдық көліктерде жол жүру және мектепте тамақтану ақысын төлеуге арналған. Төлем кезінде иесінің жеңілдік санаты ескеріледі. Сонымен қатар, жобаны іске асыру кезеңінде карта ұстаушылары 16 мыңнан астам транзакция жасады. Бұл ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру, қоғамдық көлікте жүру, мектептерде тамақтану және басқа да төлемдер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы пилоттық режимде 2019 жылы 1 шілдеде Ақтөбе қаласында іске қосылды. Одан әрі жобаны кең ауқымда Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында бастады. ________________________________________________

Тысяча актюбинцев получили льготные социальные услуги в рамках проекта «Социальная карта гражданина», реализуемого Министерством труда и социальной защиты населения РК совместно с АО «Казпочта» и акиматом г. Актобе. На сегодня социальные карты выданы более 25 тыс. горожан, в том числе школьникам. Они предназначены для получения социальных выплат, оплаты проезда в общественном транспорте и школьного питания. При оплате учитывается льготная категория владельца. Вместе с тем, за период реализации проекта держателями карт совершено более 16 тыс. транзакций. Это обналичивание денежных средств, безналичный расчет за проезд в общественном транспорте, питание в школах и прочие платежи. Напомним, проект «Социальная карта гражданина» запущен в пилотном режиме 1 июля 2019 года в г. Актобе. В дальнейшем к масштабированию проекта приступили в городах Нур-Султан и Караганда.

0
0
209

Осы тақырып бойынша