ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингін жүргізу» жобасы аясында азаматтарды оқыту басталды

2019 жылғы 14 желтоқсан күні Департаментте «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингін жүргізу» жобасы аясында азаматтарды оқыту жұмысы басталды.

Оқытуға департамент басшылық құрамы, қызметкерлері, жоғары оқу орындары студенттері, кәсіпкерлік субъектілері, журналистер мен т.б қоғам өкілдері қатысты.

Шара барысында БҚО мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы А.Кадралиев қатысушыларға мемлекеттік мемлекеттік сатып алу порталын қолдану, сатып алынаты тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің іс жүзіндегі бағасынан ауытқушылығы мен басқа да мемлекеттік сатып алу аясындығы бұзушылықтарды анықтау жолдарын түсіндірді.

Дәріс аясында сондай-ақ бюджет қаражатын мониторингілеу үшін «Ашық бюжеттердің» Интерактивті картасын пайдалану мүмкіндігі атап өтілді.

Қатысушылар аталған жобаларға қызығушылық танытып, А.Кадралиев ашық диалог барысында мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарды анықтау тәжірибесімен бөлісіп, жауапкершілік түрлері мен осы саладағы заңнамадағы жаңашылдық туралы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.